Жақсылық туралы мақал-мәтелдер

Oinet.kz 01-01-2020 1782

Жақсыда кек жоқ,

Кектіде тек жоқ.


Жақсы - елдің мақтаны,

Жұпар гүл - жердің мақтаны.


Жақсыға жалынсаң, кешірер,

Болатты жанысаң, өтер.


Жақсының үйі мен түзі бірдей.


Биікке шықсаң, көзің ашылады,

Жақсымен жолдас болсаң, көңілің ашылады.

Похожее изображение

Жақсылық ізсіз кетпес.


Жақсылық жасасаң, жасыр,

Жақсылық көрсең, асыр.


Аласаны атқа санама,

Жақсыны жатқа санама.


Жасықтың көбінен асылдың азы артық.


Жақсыны күшінен емес, ісінен таны.


Жақсылық суға батпас, 

Бір шығар тегін жатпас.


Жақсыға жаман тең келмес,

Көтергенмен кеудесін.

Аңқаулық туралы мақал-мәтелдер
Жамандық туралы мақал-мәтелдер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу