Жалқаулық туралы мақал-мәтелдер

Oinet.kz 01-01-2020 3395

Жалқауға сөз, шабанға қамшы өтпейді.


Жалқаудың соры - байлығы.


Жалқаудың жауы - жұмыс.


Жалқауға дәулет орнына ұйқы береді,

Жаманға ақыл орнына күлкі береді.

еріншектік.jpg

Жалқау көп ұйықтайды, іс жақпайды,

Жұмыс тапсырса, мойынсұнбай қылжақтайды.


Еріншекке есік асу,

Жалқауға бұлт жүк.


Еңбекқор ұйқыдан ширап тұрады,

Жалқау ұйқыдан қирап тұрады.


Еріншек егіншіден,

Елгезек масақшы артық.


Жан жоламас жатқанға,

Жөргем ілінер жүргенге.


Еріншектің қолы жетпейді,

Үлгісіз нұсқа бітпейді.


Су түбінде ақбалық,

Аузыма сал балық.


Байы өлген қатын келіншек болады,

Кедей болар жігіт еріншек болады.


Кері кеткен кеусен сұрауға да ерінеді.

Қорқақтық туралы мақал-мәтелдер
Асығыстық туралы мақал-мәтелдер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу