Жолаушы туралы мақал-мәтелдер

Oinet.kz 01-01-2020 2054

Атар таңға жүрсең де,

Батар күнге жүрме.


Жолаушының кешіккеніне сүйін.


Бұрылмай жүрген бұрын барады.


Жолмен жүрсең, жортып жүр,

Жортып жүрсең, жол өнер.


Тоғыз жолдың торабы сайрақ.

Картинки по запросу жолаушы

Ауылдан қырық қадам шыққасын

азамат мүсәпір.


Жабағы - тай деп қорлама,

Жолға шықса, ат болар.


Өткел өтсең, бұрын өт,

Артта қалсаң, жол тайғақ.


Самарқанның сар жолы,

Бұланайдың тар жолы.

Әпке туралы шығарма.
Базар туралы мақал-мәтелдер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу