Ас туралы мақал-мәтелдер

Oinet.kz 08-12-2019 1419

Асы бар аяқ әдемі.


Ас тұрған жерде ауру болмайды.


Айға жетпес асыңды,

Ауылдастан аяма.


Асты қуыс ішер, не туыс ішер.


Аз асқа жасауыл болма,

Көп асқа бөгеуіл болма.

Картинки по запросу дастархан той

Ескерген ескі асынан сақтар.


Сіңбес астың бөгеуі көп.


Байдың асын байғұс қызғанады.


Кісі кірмеген үй көрмен тең,

Ішілмеген ас сумен тең.


Етке тойғанның емі табылмайды.


Ет дәмділігін қойса,

Мен ұрлығымды қояр едім.


Жазғы етте жасық жоқ,

Қымыз аста қасық жоқ.


Тар қазан тасқалақ,

Мешкей адам ашқарақ.


Біреудің палауынан өзімнің көмешім артық.


Салымды ауыз сақтағанды жейді.

Ата-ана туралы шығарма
Ұста туралы мақал-мәтелдер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу