Арман болған азаттық (шығарма)

Oinet.kz 01-11-2019 1437

Отан! – деген сөзім қандай әдемі!

Көзге елестер бүкіл қазақ  әлемі.

Таңдандарды жан-жағымды -  бай өлке,

Қарапайым, кең дастархан, әдебі.

 Атам қазақ  аңсағаны еркіндік,

Сақтау  үшін азаттықты  бекіндік,

«Қастығы  жоқ  қазақ» деген аңыз бар,

«Татулықтың  символымыз » сертім нық. 

Отан.jpg

Халқымның «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деген даналық пікірін ойлап  қарасақ, ата-бабаларымыздың асқар таудай  ақылында, өз өмір тәжірибесінен өткен өнегелі істері – елін,  жерін қорғау, бірлікте, ынтымақта өмір сүріп, еліне елеулі, халқына  қалаулы болу сияқты жақсы қасиетті ұрпақтан- ұрпаққа дарыса деген асыл арманы екен.

Сонау ғасырлар қойнауының қатпар-қатпар  белесінен байқасақ, ежелден –ақ ру-тайпаларымыздың өз жерін еш жауға бастырмаған, ұлын құл, қызын күң еткізбеуге батырлық  ержүректігін, жауына қатал, досына адал, шыбын жанын шүберекке түйіп, садақ ұстап қол күшіне сеніп, найзаның ұшына үкі таққан ұлдары мен қыздарының жауынгерлік үлгісі бізге аманат болып жеткен.

Отанымызды қорғаған еліне деген сүйіспеншілігі, ерлер сияқты қолына қару алып, ат құлағында ойнап жүріп жауын жеңуі сақ қызы- Тұмар падишаның ерлік істері.

«Маған туған жердің бір уыс  топырағы да қымбат. Сонда енді не бар?!» деп  тұрсыңдар ғой... Менде ел бар, менде жер бар, мен елімді-жерімді қорғадым, - деген Тұмар падиша осындай байтақ та бай дархан Отанымызды жұдырықтай жүрегіндегі ерлік сезіммен қорғаған.

«Тар  қолтықтан оқ тисе, тартып олар қарындас» - деп қыздарға сеніммен арқа сүйеген де, шашын төбесіне  түйіп жауға шапқан батыр қыздардың қазақта болуы бізді зор мақтанышқа бөлейді.

Сан ғасырлық тарихымызда мақтан тұтар, бүгінгіміз бен келешегіміз үшін ғибрат алар оқиғалар мен Отан алдындағы адал қызметінен үлгі  алар ұлы тұлғалар аз болмаған. Олардың қатарына: қазақтың ұлт болып ұйысуы мен оның ұлан ғайыр ата-қонысының (этникалық территориясын) қалыптасуын; ұлттық мемлекттігіміз – қазақ хандығының құрылуы мен дамуын; отырған тағы емес, билеп отырған халқының бағын ойлаған  хандар мен оларға  ел мен мемлекет тұрғысынан ақыл-кеңес  берген ұлы билер дәстүрлерін; ата-бабаларымыздың халқымызға тән шаруашылық жүргізу жүйесін қалыптастыруын, таңғажайып этномәдени үлгілерін жасау арқылы әлемдік өркениетке қосқан үлесін, батырларымыздың ел тәуелсіздігі мен  ата-қоныс тұтастығын сыртқы жаулардан қорғаған үлгісін жатқызуға болады.  

Алла Тағала біздің елімізге осыншама кең жерді  нәсіп еткенін түсінуге ұмтылсақ, ұшқан құстың қанаты  талатын осынау ұлан ғайыр Алтай мен Атырау аралығын ата-бабларымыз ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап келген.

Жоңғарладан даламызды арашалап қалған батырлардың  ерлігі турала тарихи жырлар Исатай, Махамбетке байланысты мұралар, Ресей патшасының отарлау саясатына қарсы көтерілген ұлт-азаттық қозғалыстың басты кейіпкерлері туралы жыр-дастандар біздің ұлттық сана-сезімімізді көтереді.

Азаттық қазақтың ежелгі арманы еді. Түлкі бұлаң тарихтың нешеме бұрылысында ел азаттығы үшін талай тарланның тақымындағы тер кеппеді. Ат үстінде өткен ғасырлар көп болды. Қазақтың соңғы ханы Кенесары азаттық үшін күресте айрықша қылыш сермеді.Қаша ұрыс салып жүргенде  қапы кетті. Ханның басы қанжығада кете барды...

Ата дініміз ислам болғандықтан, мұсылмандық сабырлықпен, ұстамдылықпен соғысқан Кенесары жауынгерлері әуелі «Алла» деп, содан кейін «Абылай», «Ақжолтай» деп, өз ерлерінің қадірін бағалай біліп, ұранға айналдырғаны  мәлім. Әруақтарын ұран қылғанда ол есімдерге Алланың ерекше нұры түскенін мойындап, сол арқылы сол кезде қажет рухани күштің әсерін сезінгендері  белгілі. Бізге бүгін қажет жігерліктің, батырлықтың, біліктіліктің, адалдықтың, Отансүйгіштіктің мысалдары өткен  тарихи оқиғаларымызда жатыр.

Ел басына күн туғанда даналығымен, батырлығымен, парасаттылығымен ел мұңын, халық сырын, тарих үнін  түсіне білген, халықтың басын қосқан, халық мүддесі жолында, табандылығында, тапқырлығын да таныта  білген хан Абылай қазақ халқының күшін тасытты, мәртебесін көтерді, қазақ елін аса іргелі елге  айналдырды. Батырларын, елін сүйген ерлерін, ақын-жырау өнерпаздарын достық –бірлікте ұстап, оларды жүзге бөліп жармады.Жауын  торғайдай тоздырып, тарыдай шашып, ірімшіктей іріткен, қоқңдап қоңқылдаған Қоқанмен де, қалың  қара Қытаймен  де, ормандай орыспен де тіл табысқан бабамыздың даналығының арқасында, осы  біз өмір сүріп отырған аяулы Отан- Қазақстан жері сол  бабалардың сақтап қалған, бізге қалдырған асыл  мұрасы екні сөзсіз.

Айдын шалқар, күміс сулы бұлағым,

Жасыл –желек ат көрінбес құрағым.

Мыңғырған мал даласында жайылған,

Бабалардың болған сондай тұрағы.

Бұхар, Қоқан бұл байлыққа қызықты,

Орыс патша арам ойлы бұзықты.

Қорған салып, жерін алып, қуса өзін,

Сонда көрген сорлы қазақ шыжықты.

Қазақта  жер қалмады патша алмаған,

Елін, жерін, малын тегіс жалмаған.

«Қойға  тиген қасқырдай» боп қазақтың,

Отаршылдық қыр соңынан  қалмаған...

Халық басына осындай қиын-қыстау заман зары туған  шақта, қазақ қауымының бас көтерген  батыр да ержүрек перзенттері елдің елдігін, ердің ерлігін сақтап қалды.

Менің әкем. Шығарма
Саясат туралы ашық сабақтар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу