Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
Сабақтың тақырыбы: Саясат және оның қызметтері.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білімділік дағдаларын қалыптастыру, өз жетістіктерін өздеріне талдатып, өздік бағалау әрекеттерін ұйымдастыру. Саясатың мәнін, қалай пайда болғанын, құрлымын түсіндіру.
Сабақтын тәрбиелік мақсаты: Адамгершілік тәрбиесін дамытуға ықпал ету, ұлтжандылыққа дұрыс қабылдауға, тарихты, қоғамды қастерлеуге баулу.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білімге қызығу-шылығы мен ынтасын арттыру, жеке тұлға ретінде дамуға, қабілеттілігін, еріктілігі мен белсенділігін, танымалдық қызығушылығын дамыту.
Сабақтың түрі: «Аралас сабақ»
Сабақ өтудің әдіс-тәсілдері: Ойын түрлері, сұрақ-жауап, тірек схемасы.
Сабақтын барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларымен амандасу, Қазақстан республикасының мемлекеттік әнұранын айтқызу, түгендеу, үй жұмысына даярлау.
ІІ. Үй жұмысын сұрау: Сыныпты «Саясат», «Әділет», «Қоғам» деген атпен үш топқа бөлемін. Топ басшыларына бағалау қағазын таратамын. Үй тапсырмасын «Шыңға шығу» ойынымен пысықтаймын. Ойын тәртібі, үш шың беріледі. Сұрақтарға жауап беру арқылы төменнен жоғарыға бірінші жеткен топ жеңімпаз болады.
І-топ сұрақтары:
1. Бюджет деген не, ол қалай құралады?
2. Топырақтың тозуы дегеніміз не?
3. Экологиялық дағдарысты туғызып отырған басты себептер нелер?
4. Экологиялық ахуалдың шиеленісуі неге байланысты?
ІІ-топ сұрақтары:
1. Бюджет тапшылығы деп нені атаймыз?
2. Ойлау деген не? Оның болашақпен байланысын қалай сипаттауға болады?
3. Еңбектің қоғамдық сипаты неде?
4. Адам ойына келгеннің бәрін істей ала ма?
ІІІ-топ сұрақтары:
1. Жоғарыда аталған жаһандық мәселелерді тудырып отырған қандай фактор деп ойлайсыздар?
2. Жаңаша саяси ойлау деп нені айтамыз?
3. Табиғи ресурстарға сипаттама бер
4. Несие деп нені айтамыз, ол қалай беріледі?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Сабақты тірек-схемасы арқылы түсіндіремін, түсіндіру барысында интерактивті тақта, плакаттар қолданылады.
«Саясат» ұғымы қоғамдық өмірге тікелей қатынасы бар күрделі ұғым.
Адам қоғаммен біте қайнасқандықтан саясаттан тыс қала алмайды.
Аристотель саясатты «жалпы игілік» пен «бақытты өмірді» мақсат тұтқан қоғамдасудың өркениетті формасы деп түсіндірсе, ХХ ғасырдың басында өмір сүрген неміс философы Освальд Шпенглер «саясат жоғары мағынасындағы өмір, ал өмір дегеніміз – саясат» деп оны жоғары бағалаған.
Саясаттың басты ерекшелігі оның әртүрлі мүдделерді үйлестіре алатын, әлеуметтік қатынастарды реттеп, қоғамның тұтастығын қамтамасыз ететін қабілетінде жатыр.
Саясаттың бір тұтас әлеуметтік құбылыс ретіндегі өз құрылымы мен элементтері бар.