Тесік құмыра туралы аңыз
28-06-2022
Мектеп қабырғасында оқушылық ғажап кезеңім өтіп жатыр. Бүгін апайымыз сыныптағы барша оқушыдан "Болашақта қандай маман иесі боласыңдар?" деп сұрады.Əр оқушы əрқилы жауап берді. Бірі ұлағатты ұстаз боламын десе, бірі адамдарды ауруынан емдеп, қуаныш сыйлайтын дəрігер болмақшы. Енді бірі əлемге қазақ өнерін паш ететін əнші, бірі отандық кино саласын мəнді де мағыналы киноларымен толықтырушы режиссер боламын дейді. Барша оқушылардың армандарын тыңдап таң қалдым. Бір сыныпта ұстаз, дəрігер, əнші, тіпті режиссер де бар. Барлық саланын майталмандары білім алып, болашақтын іргесін бірге қалап жатыр екенбіз ғой.
Менің болашақ мамандығым қандай? Мен көп ойландым. Əр саланын өз қызығы мен қиыншылығы бар. Əкем əркез "Өмірде 2 таңдауды жасауда қателеспе.Бірі мамандық, екіншісі жар таңдауда" деп айтып отырады. Мен екіуінде таңдауда қателескім келмейді. Мамандық таңдауда əуелі өзімнің бойымдағы қызығушылығым мен икеміме қараймын. Мен кітап оқығанды, болып жатқан оқиғаларды жазғанды ұнатамын. Мектептегі мерекелік концерттерде жүргізуші болып, іс-шараларға белсене қатысқанды жақсы көремін. Мен өзімнің болашақта қай салада жұмыс жасайтынымды нақты білемін. Мен тұшымды ой салатын, сөзден өрнек өрген шешен журналист боламын.Теледидардан жаңалықтарды, əрқилы танымдық бағдарламаларды, мерекелік концерттердегі тележүргізушілерге қарап сол кісілер сияқты өз саласынын мықты маманы болуды қалаймын. Отанымыздың басшысынан, əлемге танымал əншілерден, зəулім ғимараттардың авторы сəулетшілерден, футбол əлемінде өзіндік орны бар танымал футболшылардан жəне барлық саланын майталмандарынан сұхбат алғым келеді.Сөйлеп жатқан кезімде əрбір əріптін дұрыс əрі нақты шығып жатқанына қатты мəн беремін. Көп шығарма жазу арқылы ойымды нақты əрі қисынды жеткізуді үйренемін. Камеранын алдында өзімді дұрыс ұстап, сырт келбетімнің əдемі болуына да басты назар аударып жатырмын. Бұл əрекеттін бəрі мені асыл арманым мен нақты мақсатымды орындауға жетелейді. Мен мақсатымның орындалатынына əрі мықты маман иесі болатыныма қалтқысыз сенемін.