Әйелдер қауымы туралы мақал-мәтелдер

Oinet.kz 06-12-2019 1649

Мал бәйбішенікі, бай тоқалдікі.


Күндестің күлі де күндес.


Ерін баққан әйел елін де бағады.


Әйелі азған елдің ертеңі жоқ.

Картинки по запросу айдана ыбырай инстаграм

Балдыз - жарты қатын,

Қайынбике - бүтін қатын.


Долы қатын - жылауық,

Сұғанақ қатын - сұрауық.


Бәйбіше - Құдай бұйрығы,

Тоқал - иттің құйрығы.


Күндесті болсаң бол, ойнасты болма.


Ұста қатынымен темір қызғанша ұрыса алады.


Асау арудың арыны басылғанмен,

Ұрыншақ ұрғашының ұры желігі басылмайды.

Әйел туралы мақал-мәтелдер
Менің болашақ мамандығым. Шығарма
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу