Сәбиге есім қою - құттықтау
Сәбиге есім қою
Тебіреніп ана көкірек,
Ұласты тойға толғағы.
Еміренеді есі жоқ,
Сәбиін құшып қолдағы.
Әкенің өсті мерейі,
Көңілін көрдік шалқыған.
Иірген алтын кенейі,
Қуантты түсіп алшыдан.
Уілдеп айтып іңгәсін
Айналып асыл арманға.
Әжесі көріп жалғасын,
Шашуын шашты бар маңға.
Маңдайын иіскеп ботасын,
«Немерем» дейді ата да.
Ертең-ақ сәби атасын
Жетелеп шығар жотаға.
Болар ол ертең бір тұлға,
Басы боп өмір көшінің.
Жоралғы көп қой ұлтымда,
Қояйық сәби есімін.