8 наурызға арналған құттықтаулар (2)
Қандай әсем осынау бір пәк қалпың,
Нұрлы жүзің ақтығындай тап қардың.
Өзіңізді көрген сәтте мен алғаш,
- Қыз Жібек! – деп айқайлауға шақ қалдым.
Айтар ойды жарқырата неше өңдеп
Сөйледіңіз,
Шешендікті мекендеп
Сонда өзімше бағаладым ішімнен,
«Ақжүністің сіңлісі екен» деп.
Тағы бірде асқақтата ән салдың,
Таңғажайып ырғағыңа тамсандым.
«Тап Күләштің көшірмесі...» деп сол сәт,
Дүниеге келіп кетті жар салғым, - деп бойында сан өнер тоғысқан нағыз қазақтың қызы деуге лайық осынау жанды 8 наурыз күнімен құттықтаймын!