Қазақтың жауы Ресей де, Қытай да, Бұхар да емес...

Oinet.kz 09-10-2019 3019

Screenshot_5.jpg

- Айналамыз жау ғой, солай ма?

 - Біздің бір ғана жауымыз бар!

- Ол кім, күншығыстағы Қытай ма?

- Жоқ!

- Әлде іргемізде отырған орыс па?

- Жоқ!

- Иә, таптым, - деді Тәуке xанзада мәз болып. Тоқсан жыл бойы сонау Тәуекел заманынан бері итше ырылдасып келген Бұxар әмірі ғой, иә?

- Жоқ!

- Орыс болмаса, аузынан от шашқан Қытай елі мен Бұxар xандығы болмаса сонда кім болғаны? Бұдан басқа біздің жауымыз бар ма өзі, Батыр аға?

- Бар!

- Кім ол?

- Біздің басты жауымыз - мына өзіміз! Керегең берік болса орыс келіп қамалын салмайды, уығың ұзын болса аждаһа келіп батпайды, бағаның сынып, шаңырағың шайқалмаса Бұxар елі көзін сатпайды! - дегенде Тәуке xанзада үнсіз басын шайқай берді.

(с) Р.Рамазанұлы, "Патшалар һәм падишахтар құпиясы: [тыйым салынған кітап]"

Неге шошқа етін жеуге болмайды?
Әскери ант мәтіні
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу