Әскери ант мәтіні

Oinet.kz 12-10-2019 31310

Screenshot_9.jpg

Әскери ант - әскери қызметке алынған сарбаздардың салтанатты түрле қабылдайтын анты. Онда Қарулы күштердің түпкі мақсат-мүддесі, халық пен әскердің тарихи және ұлттық дәстүрлері сипатталады. Әскери ант мәтінін Қазақстан республикасының тұңғыш президенті, Қазақстан республикасының қарулы күштерінің бас қолбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев  1995 жылдың 25-тамызында бекітті. 

Әскери ант мәтіні:

Мен, Қазақстан Республикасының азаматы (тегі, аты, әкесінің аты), Қарулы Күштердің қатарына кіре отырып ант қабылдаймын және Қазақстан халқы мен оның заңды сайланған Президентіне ақтық демім қалғанша адал болуға, өзімнің егемен мемлекетімнің Конституциясы мен заңдарын қастерлеп сақтауға салтанатты түрде ант етемін. Өзіме жүктелген міндеттерді, әскери жарғыларды және командирлер мен бастықтардың бұйрықтарын бұлжытпай орындауға, әскери қызметтің ауыртпалықтары мен қиыншылықтарын табандылықпен көтеруге ант етемін. Әскери істі дәйекті оқып-үйренуге, әскери және халық мүлкін мұқият ұстауға, әскери және мемлекеттік құпияны қатаң сақтауға ант етемін. Мен өз Отанымның, тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік мүдделерінің ержүрек әрі батыл қорғаушысы болуға ант етемін. Егер мен өзім қабылдаған әскери антты бұзсам, онда Қазақстан Републикасының заңдарында белгіленген қатаң жазаны кешуге әзірмін.

mod.gov.kz

Қазақтың жауы Ресей де, Қытай да, Бұхар да емес...
«Чернобыль апаты» АЭС жарылысы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу