Ана тілдің ардақталуы алдыңғы буынға да байланысты

Oinet.kz 13-08-2019 1374

Screenshot_12.jpg

Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан жолы -2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты қазақстан халқына арнаған Жолдауында  қазақ тілі бүгінде ғылым мен білімнің, интернеттің тіліне айналғанын айта келе: «Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар. Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды! Оны даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн», - деген болатын. Қалалық емханада өткен «Мәңгілік елдің – мәңгілік тілі» атты мерекелік іс-шара да мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын асқақтата түсті.

Бұл іс-шара ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, Марат Пошымов басқаратын №3 Шымкент қалалық емхананың ұйымдастыруымен өткен-ді.Тіл – қай елде болса да қастерлі һәм құдіретті ұғым. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге беріледі. Тіл – атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Өз ана тілін құрметтемеген адам халқын да құрметтемейді, Отанын сүймейді. Іс-шараның негізгі мақсаты – осындай олқылыққа жол бермеу болды. Және мемлекеттік тілді кеңінен насихаттау, қолдану аясын кеңейту, өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілін білу деңгейін көтеру және үйренуге деген ықыластарын арттыру басты назарға алынды. 

Шындығында тіл, ұлт, халық, мемлекет ұғымдары бір-бірімен тығыз байланысты. Әрбір адам ана тілін қастерлеп, өз Отанының патриоты болуы керек. Егер біз, қазіргі буын өкілдері, тілге жанашырлық танытсақ, бізден кейінгі буын тілге немқұрайлы қарамайды.  Бұл жай құрғақ сөз болып қалмағаны жөн. Әрбір сөз іске асуымен құнды емес пе? Біздің емханада іс-қағаздар мемлекеттік тілде жүргізіледі. Барлық қызметкер мемлекеттік тілді меңгерген. Мекемеде тілді қолдану аясы өте жоғары. Қазақ тіліне жан-жақты жағдай жасалған. Себебі, біз мәңгілік ел болуымыз үшін тілімізді биік тұғырға қондыруымыз керек. Оған әрбір азамат атсалысқаны маңызды. 

Бұл күні жиналған қауымға ұлттық тағамдар ұсынылды. Өзге ұлт өкілдері қазақтың көркем шығармаларынан үзінділер оқып, көрермендерді қуантты. Кеш жүргізушілері тіл туралы қызықты деректер айтып, қонақтармен «Ойлан, тап» ойынын өткізді. Мекемедегі көңілді жастар қызықты көріністер қойып, жұртты бір серпілтіп тастады. 

Лесбек Қоңдыбаев, 

Шымкент қаласындағы №3 емхана бас дәрігерінің орынбасары

2016 ж

Тарихын танымаған, тілі үш айыр ұрпақпен ұшпақа шығамыз ба?
Бесік пе, памперс пе?!
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу