Трамп Украинадағы соғысты қалай шешеді?
30-10-2024
Қазақ халқында атаңнан мал қалғанша, тал қалсын деген ұлағатты сөз бар. Аталған нақылдың шеңберінде және орманды молайту шараларына сәйкес Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі республикалық мемлекеттік мекемесі тарапынан ағымдағы жылғы наурыз айында Түлкібас, Төлеби және Қазығұрт аудандарының аумағындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың таулы өңірлерінде 30,0 га жаңадан мәдени орман егу және бұрынғы жылдары егілген 150,0 га аумақтағы мәдени екпелерді толықтыру жұмыстары басталып, барлығы 32358 дана әртүрлі жеміс, декоративті көшеттер егілуде. Аталған іс шара толығымен сәуір айының 1-ші онкүндігінде өз мәресіне жетеді. Яғни, осы жылы ұлттық паркке қарасты орман қорында қолдан егілген мәдени екпелердің қатары 30 гектарға ұлғаяды деген сөз.
Жаңадан егілген жас көшеттердің өсіп-жетілуі үшін көп еңбек жұмсалады. Атап айтқанда парктің қызметкерлері егілген жас көшеттерді малдан, басқада антропогендік факторлардан қорғаудың арқасында алдағы 5-7 жыл аралығында орманмен көмкерілген алқапқа ауыстырылатын нәтижеге қол жеткізіледі.
Сонымен қатар, паркке қарасты жерлерде өздігінен өсіп жетілген табиғатқа сұлулық беретін әртүрлі жабайы ағаштар мен бұталар көптеп кездеседі. Орман қоры жерлері мемлекет тарапынан қорғалады.
Алайда, орман ағаштарын өз беттерінше , рұқсатсыз, өз пайдасына жарату мақсатында кесушілер кездесіп жатады. Мұндай оқиға анықталған жағдайда орманды заңсыз кесуші ҚР Заңдарына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескерткеміз.
Өңіріміздің сұлу да көркем табиғатын келешек ұрпаққа сақтап жеткізейік. Бір тал кессең, он тал ек -ағайын.
Д.Сейітов,
Сайрам –Өгем МҰТП бас маманы