Автобуста аяғын басып кеткен әйел неге олай жасады?
Бейтаныс бір әйел автобусқа кіріп келе жатып бір ер адамның аяғын басып кетеді... Жақтырмай қараған ер адамға "Ұнамай ма таксимен жүр!" деп айқайламады, тек "Кешіріңізші, байқамай қалдым. Қаласаңыз, міне, менің де аяғымды басыңыз" деп күлімдеді.
Ер адам не деп жауап берерін білмей сасып қалды. Осы ер адам автобустан түскен соң киоскіден газет сатып алады. Қайтарым ақшадан шатасқан сатушы қызға ұрыспады, жай ғана: "Ештеңе етпейді, таңертең ондай-ондай боп тұрады" деп күлімдеді.
Ал ертемен көңіл-күйі көтерілген сатушы қыз ылғи газет алушы бір зейнеркер қарияға екі журнал, бір газетті сыйға тартты. Негізі қарияның ақшасы тек бір газет алуға ғана жететін.
Мұндай күтпеген сыйға қуанып келе жатқан қария подъезде жоғарғы қабатта тұратын келіншек пен қызын кездестіреді. Әдеттегідей "Балаларың шулайды. Тарсылдап жүгіреді" деп ұрыспады, тек күлімдеп: "Ооо, үлкен қыз боп қапты. Ата-анасының ақылды қызы боп өссін!" деп кішкентай қыздың басынан сипайды.
Егер, басында бұл келіншек автобуста ер адаммен шекіскенде, қалған елдің бәрі бір-бірін ренжіткен болар еді. Жәй ғана кешірім сұрап, күлімдеді.
Ешкімді ренжітпейік... Өмір қысқа, мәнді ғұмыр кешейік!
Ләззәт Әуелбеков