Есірткі бизнесіне қарсы күрес күшейіп келеді

Oinet.kz 24-06-2019 1324

Screenshot_12.jpg

Бүгінгі таңда әлемдегі күрделі мәселенің бірі – нашақорлық пен есірткі бизнесі. Ұрпақының келешегіне алаңдаған еліміз үшін бұл мәселе өзекті.  Былтыр Түркістан облысын заңсыз есірткі айналымына қатысты 163 қылмыс ашылып,  200-ден аса қылмыстық құқықбұзушылықты анықтады. Өңірде заңсыз айналымнан 6 тоннадан астам есірткі заты тіркіленген екен. Мұның барлығы қоғамда әлі де есірткі бизнесіне қарсы күресті күшейту қажеттігін көрсетеді. 

Нашақорлықтың адам ағзасына зияны, оның өмірге қауіпті екені баршаға мәлім. Есірткі қолданушылар өз еркімен өлімге баратындар деп жатамыз, себебі есірткі қолданушыларда болашақ жоқ.  Есірткіні пайдаланған кезде эмоционалдық, психикалық жағдайы өзгереді. Есірткіні алғашқы пайдаланған кезде мынадай белгілер: көз қарашығы үлкейеді, аузы құрғап шөлдейді, беті және көзі қызарады, жөнсіз күледі, тез және анық сөйлемейді, тамаққа тәбеті артады,көп қимылдайды.

Есірткіні алғаш пайдаланатындардың көбісі 13-14 жастағылар екен. Себебі жасөспірімдер араласатын ортасына тез бейімделеді және олар үлкендердің ықпалына ергіш болады. Мысалы: бір аулада тұратын 1 ересек бала есірткі пайдаланатын болса, ол сол ауладағы 10 жасөспірімге айтқанын істетеді. 

Есірткі қолданудың негізгі себептері: есірткінің қаншалықты қауіпті екендігін білмеу және бұл мәселеге жеңіл-желпі қарау; қызығу–қызығушылықтың туындауына көбінесе бұқаралық ақпарат себеп болады; ойын–сауық орындары. Бұлардың барлығы «ақ өлім» диірменінің құралдары мен қақпандары болып табылады. Қысым–жаман дос–жора, таныстардың қысым жасауы; әуестік–«бір рет көрейін, сосын тастаймын» деп ойлау. Бірақ бір немесе екі рет көру адамды қайтпас жолға түсіру үшін жеткілікті.

Сол себепті де, еліміздің барлық аймақтарында жылда 1 маусым мен 1 шілде  аралығында Халықаралық нашақорлықпен және заңсыз есірткі айналысымен күрес күніне орай «Жақсы әдеттер марафоны» ұлттық бағдарламасының аясында арнайы іс-шаралар ұйымдастырылады. Ұлттық бағдарламасының басты мақсаты халықта денсаулық сақтайтын жауапты мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, психикаға белсенді әсер ететін заттарды (ПБЗ) тұтынудың алдын алу бойынша түрлі жастағы халықтың ақпарат алу деңгейін арттыру болып табылады.

Жастарды есірткі құрығынан қалай құтқаруға болады деген сауалдар әлі де өзектілігін жоғалтпай  отыр. Есірткіге негізінен жасөспірімдер мен жастар тез ұрынады. Өмірді енді бастап келе жатқан олар өлімнің не екенін түсінбейді де. Әдетте, нашақорлыққа көбіне ақшасы бар, өзіне керекті нәрсенің бәріне қолы жеткен, ауқатты отбасылардың балалары үйір болады. Сондықтан, кейбір ата-ана өзінің көрмеген қызығын баласы көрсін деп айтқанын орындап, барлық жағдайын жасайды. Бұл да өз кезегінде баланың тиым көрмей өскендігінің әсері. Көп жағдайда баланы ортасы бұзады. Жасөспірім жасқа келгенде балалардың арықарай дұрыс немесе бұрыс жолға түсуі ортасындағы адамдарға байланысты. Уақытты бірге өткізетін достары болмаған соң, кейбіреулердің рухы әлсізденіп жаман қылықтарға барады. Немесе, ине салып, ұнтақ иіскеп үйренген жолдастары баланы осыған үйретуі мүмкін. 

«Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық аздырар адам баласын» деген ұлы Абайдың орынды тауып айтқан өлең шумағы есіңізге түседі. Жас кезінде адам көрсеқызар келетіндіктен қызық көріп, біреулері есірткі дәмін татып көруден бастайды. Ал басқалары өзгелердің мәжбүрлеуімен нашақор атанады. Есірткіні таратушылар соған айналшықтап жүрген жастарды, «инемен салмасаң болды нашақор емессің. Ал біз иіскейміз, одан нашақор болмаймыз» деп алдауы мүмкін. Ал шындығында, жас организм есірткінің дәмін бір рет татқан соң тәуелді болып шыға келеді. Біз бала тәрбиесін мектепке қарай ысырып қойғанбыз, содан кейін сол мектепті кінәлаймыз. Бұл үлкен қателік. Қайта біз мектептің және мұғалімнің беделін, мәртебесін көтеруге ықпал етуіміз керек. Біз бала тәрбиесін уыстан шағарып алдық. Өз ара ұғыну психологиясы ескерілуден қалып бара жатқандығын,  от басында  ата-ана мен бала бір-біріне суық қарым-қатынаста жүреді. 

Бізде «бала ертең-ақ өседі, ненің жақсы, ненің жаман екенін өсе келе өзі де біліп алады» деген қате ұғым бар. Психолог- дәрігерлер: «отбасында бала ішімдік, темекі, есірткі сияқты естен айыратын әзәзіл туралы ерте бастан естігені дұрыс екендігін, бала жаман әдет  туралы ерте білсе, соғұрлым тез жиренетіндігін, одан бойын аулақ ұстайтындығын ескертеді» дейді. Сондықтан, халыққа есірткінің зияны туралы теледидар, радио, газет беттерінде жиі-жиі мәлімет беріп тұру керек. 

Аң аулау мерзімі аяқталды
Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты мекемелер бір күндік жалақыларын аударады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу