Аң аулау мерзімі аяқталды
Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің таулы, орман-тоғайлы жерлерінде аңшылық мақсатта пайдаланылатын тау ешкі, елік, қабан, борсық, қасқыр, түлкі, қоян атаулы аңдарымен қырғауыл, кептер, шіл, кекілік атаулы жабайы құстар мекендейді. Көрсетілген аң-құстарға Қазақстан Республикасының аумағындағы аң аулау ережесіне және ОҚО орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясының 03.08.2015 жылғы «Оңтүстік Қазақстан облысының аңшылық алқаптарында жабайы жануарларды аулауға 2015-2016 жж. күзгі-қысқы аңшылық мерзімін ашу туралы» №51-Н нысанды бұйрығы негізінде Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркнің аумағында, биылғы жылы тамыз айының 1-ші жұлдызынан бастап аң аулауға рұқсат берілген болатын.
Қоңыр күздің келуімен басталып, бүкіл республика көлемінде кәсіпқой да, әуесқой да көптен асыға күтіп, қы¬зығына бөленген аңшылық маусымы, міне, қысқа аяқ басты. 2015 жылдың қаңтар айының 1 жұлдызында әуесқойлық аңшылық Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи парк аумағында толығымен тоқтатылады.
Әуесқойларды құ¬мар еткен қатал табиғаттың дүлей күші¬мен арпалысатын түз жануар¬лары үшін өте ауыр кезең – қыс мезгілінің ақтүнек бораны. Міне, осындай қысыл-таяң шақта тағыларға қарсы күресе¬тін тағы бір үлкен топ — ол қолына қару ұстаған аңшы ағайындар. Ұлттық парк аумағында жануарлар дүниесі объектілерін аулау мақсатында іздеу, ізін кесу және ізіне түсу, аулауға әрекет жасау, аңшылық алқаптарда қабынан шығарылған аңшылық қаруы және басқа да аң аулау құралдары немесе аң аулаудан алынған өнімдері бар, қарғыбауы алынған аң аулайтын иттері мен аңшы жыртқыш құстары бар адамдардың жүруі аң аулауға теңестіріледі.
Естеріңізде болсын! Жоғарыда көрсетілген мерзімнен кейінгі заңсыз аң аулау, жануарлар дүниесін пайдалану ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 382-бабымен АЕК бойынша белгіленген мөлшерде айыппұл салынады. Осы баптың 3 бөлігінде көрсетілген, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жүргізілген заңсыз аңшылық, аңшылық құралдары тәркілене отырып, айлық есептік көрсеткіштің жетпістен бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салынуына не аң аулау құқығынан екі жылға дейінгі мерзімге айыруға әкеп соғады.
Табиғатымыздың байлығы жануарлар дүниесін қорғау міндеті мемлекеттік аңшылық шаруашылық мекемелеріне жүктелген. Жабайы аңдар мен құстарды қорғаудың ережелері – мемлекеттік заң. Бұл заңды бұлжытпай орындау - Отанымыздың табиғат байлықтарын сақтап, көбейтудің бірден бір жолы. Қазір кім көрінген аңшы. Ауылда да, қалада да заңсыз аң аулауға құмарлық күшейіп барады. Қорық¬шылардың тілімен айтқанда браконьер, қазақша¬лағанда сұғанақ. Табиғатымыздың байлығы аң-құстарымызды келешек ұрпақ үшін сақтайық, сұғанақтыққа жол бермейік.
Ескен Орақбаев,
«Сайрам-Өгем» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің жануарлар дүниесінің өсімін молайту бөлімінің бастығы
Мұрағаттан, 2015 ж