Адамның көзіне қарап қанша жыл өмір сүретінін білуге болады

Oinet.kz 22-11-2022 2445

Адам егде тартып, қартайған сайын "көзінен айырылатыны" белгілі. Көз көру нашарлайды. Көздің жанары кетеді. Сондықтан көзді сақтау адам үшін өте маңызды.

Screenshot_2.jpg

Одан бөлек, көздің жанарына қарап-ақ адамның қанша жыл ғұмыр кешетінін білуге болатын көрінеді.

Ғалымдардың айтуынша, көзі ауыратын адамның ғұмыры қысқа болатын көрінеді. Ал көзі әлі ауруға шалдыға қоймаған адамның өмір-жасы біршама ұзақ болмақ.

Әсіресе, көзі шел басуға шалдыққан, көздің тор қабығы бөліне бастаған адамның өмірі ұзаққа созылмайтын көрінеді. Көздің бұлай нашарлауына бүкіл ағза әсер етеді. Адам ағзасының шаршағанын көрсетсе керек. Зерттеуге сәйкес, мұндай адамдардың көбі жүрек ауруларынан қайтыс болған.

Мұны ғалымдар 55-81 жастағы 4757 адамға тәжірибе жүргізу арқылы анықтаған. Арасында көзі сау адамдар да бар. Алты жылдың ішінде көзі ауыратындардан 534 адам қайтыс болады. Зерттеу барысында көз ауруына шалдыққандардың 41 пайызы көз жұмған.

Ғалымдардың айтуынша, адамның жүрек-қан жүйесі бүліне бастаған сәтте көздің көруі де нашарламақ. Сондықтан адамның көзіне қарап жүрек ауруларын анықтауға болатын көрінеді.

massaget.kz

Бір ақын жігітке бұрынғы жүрген қызының жазған хаты
Әкеме айтып қоймаңыз
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу