Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Кезінде, Америкада (Нью-Иорк) тұратын бір бай жайлы керемет əңгіме оқып едім. Есімде қалғанымен бөлісейін.
Ол адам, байлығы аузы мұрнынан шыққан шіріген бай болсада мынадай бір қызық мінездің иесі болған екен. Қысқасы, байдың екі ұлы болады.
Сол бай, балаларын "еңбекке баулу" мақсатында күніне 4-5 сағат - 14 жасар ұлын вагонға жүк тиеуші, 8 жасар ұлын көшедегі адам көп өтетін жерге аяқ киім тазалаушы қылып отырғызып қояды.
Ал атышулы байдың баласы аяқ киім тазалап отыр дегенді естіп, таң қалған жұрт, қызықтау мақсатында аяқ киім тазалату үшін сол балаға айдаладан арнайы келеді екен.
Əр етік тазалағаны үшін 50 цент алып отырған бала - күніне 150-200 доллар тапқан көрінеді. Тіпті сол көшеден өтетін жұрттың көбі, осы балаға аяқ киім тазалатуды əдетке айналдырып, көбінесе артық ақша(5-10 доллар) тастап кетіп отырған дейді.
Осылай жылдан жылға жалғаса берген. Ақыры "аяқ киімнің" қыр сырын меңгеріп, ел жұртқа қандай аяқ киім керек екенін əбден білген манағы бала- бұғанасы қатқасын аяқ киімге арналған "кремдер" шығаратын зауыт пен сапалы аяқ киім сататын дүкендер желісін ашады.
Ал үлкені болса, 7-8 жылдың ішінде манағы өзі жұмысқа кірген фирманың басшысына дейін көтеріліп, ақыр соңында "жүк тасымалдайтын" агенттік ашады да, Америкадағы ең мықты "жүк тасымалдайтын" компаниялардың бірінің иесі атанады.
Сонымен, шамамен 15 ақ жылдың ішінде əлгі байдың екі ұлы мұрттарын балта шаппайтын түрі жаман миллионерлер болып шыға келіпті...