Ұлына үш қыздың ішінен ең дұрысын таңдап берген ана

Oinet.kz 16-01-2022 3199

Screenshot_1.jpg

Өзіне тең боларлық әйел іздеп отызға келген бойдақ жігіт анасына:

- Апа, үш қызға бірдей көзім түсіп жүр, соның қайсысына ен тағарымды білмей жүрмін, - депті.

- Онда былай істе: әрқайсысына бар да: «Мен саған көп ақша берсем, не істер едің?» - деп сұра дейді анасы. Баласы анасының айтқанын істейді.

Әлгі сұраққа бірінші қыз:

- Өзіме неше түрлі киімдер сатып алып, сенің алдыңда ұдайы әсем қалпымда көрінер ем, - депті.

Екінші қыз:

- Саған көп етіп әсем киімдер алып, қарныңды да тоқ етіп қояр едім, - депті.

Үшінші қыз:

- Сіздің атыңыздан бір тиімді іске салып, одан түскен табысты отбасына да, өз қалауыңызша жұмсауға да жететін етіп қояр едім, - дейді.

Ұлы үш қыздың да жауабын жеткізгенде анасы:

Бірінші қызды ескі танысым деп сана да қоя сал, екіншісімен есендесіп, сыйлас, үшіншісіне үйлен, - депті.

Бұл құпияны құрбыңызға да айтуға болмайды
Жыланның ұстазға берген дәрісі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу