Орамал тақпайтын келіндер оқысын

Oinet.kz 18-05-2021 1604

Ертеде жайлауда отырған бір елдің азаматтары жаңа қонысқа мал айдап кетеді. Бас көтерер азамат болмаған ауылға тұтқиылдан жау  шапқанда, сол ауылдың бәйбішесі басындағы ақ орамалды шешіп, сойылға байлап, жауға қарсы шығып, оларды тоқтатады. Сөйтіп ауылды аман алып қалады. Сол күннен жауды тоқтатқан ақ орамал «жаулық» аталып кеткен.

Screenshot_17.jpg

Ақ орамал әйел басына салған сəттен жаңа түскен келін келген елінің тілеуін тілейді. Жас келіннің іздегені байлық емес, алпыс екі тамырын жібітер дүниеге әкелер болашақ  ұрпағының тілеуі.

Қазақта жаңа түскен келін басына орамалын салып, жанжал болған жерге келіп, сəлем салса,тіпті қан төгіс болып жатса да тоқтатқан. Қазақ үшін орамалды сыйламау, ананы  қорлау болып табылады. Бірде Бөлтірік  шешен ел аралап жүріп бір кедейдің үйіне келіп түседі. Торғай қамаса тұрмайтын,

жыртық киіз үй, төрдегі текемет арасынан шөп өскен, адам отыратын жер жоқ.

Үй иесі:  "Ақсақал жоғары шығыныз" дегенде, əйелі басындағы орамалын алып, жерге төсепті.

Бөлтірік шешен сонда: "Келін мұндай құрметті ешкімнен осы жасқа келгенше көрмеппін. Ақ ниетіне разымын. Тəңірім басына жетер, байлық берсін. Басыңа қайта тартып ал" – деп өзі енкейіп орамалын жерден алып беріпті. Кедей жалғыз ешкісін сойыпты.

Бөлтірік шешен: "Қазанға еттің бəрін сал, ауыл-аймақтың бəрін шақыр. Бөлтірік шешен менің үйімде бірнеше күн боламын деді" деп, хабар айт депті. Оны естіген сол ауылдың ауқатты адамдары бірі үйін əкеп тігіп, бірі дүниесін əкеп, сойыс малын əкеп, бірнеше күн болыпты.

Кетерінде шешен: "Осы əкелген дүниелерінді, беретін малдарынды осы жігітке беріңдер" деп бата беріпті. Көп кешікпей кедей жігіт дуалы батадан соң, байлыққа кенеліпті. Көнеден келе жатқан "Сары жаулық" деген дәстүр

болған. Барымтада кісі өлсе, кінәлі жақ өлген адамның әйеліне сары жаулық беріп жіберген. Бұл біздің күйеуіне  құнын тілейміз деген таңба хат. Сары жаулықты құн төленгенше әйел тағып жүрген. Құн төленген күні шешкен. Сондықтан қазақ сары түсті көп пайдаланбайды. Сары түс сағыныш  деп есептеген. Ағаштың жапырағының, шөптің сарғайғаны дүниенің жансыздануынан деп есептеген. Сары жаулық таңба болып саналады. "Сүйегіме таңба салдың" деген сөз осыдан қалған. Ел билеген əміршіде, ақ орамалды аттамаған. Бұндай үрдіс Кавказ халықтарында да бар. Қандай қан төгіс болып жатқанда әйел басындағы орамалды шешіп жерге тастаса, жанжал тоқтайды...  

Ескерілмей қалған ерлік
Бекежан батыр Төлегенді өлтірмеген…
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу