Балаға теріс көйлек кигізу (аңыз)
14-01-2020
Бірде Сүлеймен пайғамбардың жанына ирелеңдеп жылан келеді де, сымға тартылғандай түп-түзу боп тұра қалады. Сүлеймен мұны көріп:
– Әй, жылан, өзің оқтай түзу екенсің, жүргенде неге ирелеңдеп жүресің? – деп сұрады.
– Алла өзімді әу баста оқтай етіп, көркем түрде жаратқан еді. Бірақ Ібілістің тілін алып, қисық жолмен жүруге мәжбүр болдым. Содан бастап бойым түзу болса да, жолым қисық, – депті.
(Отбасы хрестоматиясы)