Дәрі, әтір шөптердің пайда болуы (аңыз)

Oinet.kz 13-01-2020 759

дәрі, әтір.jpg

Жұмақтан қуылған соң, Адам ата мен Хауа ана әлемнің екі бұрышына түсіпті. Екеуі екі жақта жүріп, Алладан кешірім сұрап жылапты. Періштелер оларды жұбата алмай қиналады. Сол кезде Жаппар Хақ:

- Жылай берсін, жұбатпаңдар! Олардың көз жасы - менің рақметім, - дейді. Адам атаның көз жасы тамып, ол жерден: жалбыз, адыраспан, итмұрын, дермене, шайқурай, таңқурай, мия, киікоты сияқты мыңдаған дәрілік шөптер өсіп шығады. Хауа ананың көз жасынан: қалампыр, оспа, қына, сүмбіл сияқты мыңдаған әтірлік шөптер мен хош иісті гүлдер өсіпті. Екеуінің теңізге тамған жастарынан інжу, маржан, дүрлер пайда болған екен.

(Отбасы хрестоматиясы)

Балықтың желбезегі (аңыз)
Қауын мен қарбыздың пайда болуы (аңыз)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу