Балықтың желбезегі (аңыз)

Oinet.kz 13-01-2020 858

балық желбезегі.jpg

Ерте заманда Намрұт патша өзін «Құдаймын» деп жариялап, «Ыбырайымның Алласын садақпен атып өлтіремін» деп, елде жоқ алып садақ жасатады. Жебесі жүз құлашқа жетіпті. Ол Аллаға оғын атарда ішінен: «Уа, Алла мен сенің бар екеніңді білемін. Бірақ өзімді «құдай» деп айтып қойдым. Сөзімді қайтып ала алмаймын. Осы дүниеде тілегімді бер, ана дүниеде өзің біл» – депті. Ол оғын атқанда Ұлық Алла Жебірейілге:

– Оның оғына балықты тос. Жебесі зая кетпесін, – дейді. Жебірейіл солай жасайды. Жебе балықтың мойнын тесіп өтеді. Одан қан ағып, жерге тамшылайды. Намрұт қанды көріп, қуанады. Елге қанды көрсетіп:

– Қараңдар Ыбырайымның Құдайын өлтірдім, – деп жар салады.

Балық:

– Иә, Алла неге мені оққа тостың? – деді. Ұлық Алла:

– Балық қайғырма. Менің досым Ыбырайым қатты шөлдеп зынданда жатқанда, Намруд оған салқын су беріп еді. Сол сыйы үшін, мен оған сый жасап, жебесін бос қайтарғым келмеді. Есесіне сенің де ақыңды жемеймін. Бұдан былай адам үшін сен адал ас боласың. Сені кім ауласа да бауыздамай жей берсін, – деді. Балық Аллаға риза болды.

Балық осыдан бастап, адал асқа айналыпты. Оның желбезегі жебенің орны екен. Қаны сол кезде аққандықтан, оны сойғанда қан шықпайтын болыпты. 

 «Отбасы хрестоматиясы»

Інжірдің қасиеті (аңыз)
Дәрі, әтір шөптердің пайда болуы (аңыз)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу