Тəуке ханнан қалған бір аңыз
Тәуке хан бірде өз қолының қажыр-қайратын, ақыл-парасатын сынау үшін бір сұрақ қояды:
– Мен мынаны білсем деймін. Жоңғар шапқыншылығын тоқтатып, олардың ордасын күл талқан ету үшін қазақ халқына не қажет? Содан сарбаздары ой теңізіне шомып, алуан түрлі пікірлер айтады.
Сонда Тәуке хан тоқетерін айтып:
– Айтқандарының бәрі дұрыс. Ең асылы, қазақ еліне құдайдың құты және болашақта ауызбірлік ауадай қажет. Ол – халқымыздың мәңгілік қаруы, құт-берекесі әрі жеңістеріміздің күретамыры, – деп түйіндеген екен...