Ешкі сүтінен сабын шығаруда

Oinet.kz 11-12-2020 941

Жамбыл облысындағы Көкдөнен ауылының тұрғыны Кенжебек Сейдахметов асыл тұқымды ешкі өсірумен айналысуда. Ол ғаламтор арқылы ешкі сүтінен не жасауға болатынын зерделеген. Сөйтіп, үш ай онлайн семинарға қатысып, сабын жасаудың әдісін үйреніпті. 

Ешкі сүтінен сабын.jpg

Қазір үлкендерге арналған сабын – 700, балаларға арналған сабын 500 теңгеден сатылуда. К.Сейдахметовтің бұл кәсіпке келуінің өзіндік себебі де бар. Алматыдағы, Тараздағы жоғары оқу орындарында сабақ берген ол аяқ астынан ауырып, инсульт алып қалады. Ешкінің сүтін ішіп емделіп, тәуір болған соң осы кәсіпке бет бұрған Кенжебек өсірген ешкілерінің сүтіне сұраныс жоғары екенін де айтады. Ол былтыр «Атамекен» кәсіпкерлік палатасынан 4 млн теңге несие алып, 20 асыл тұқымды ешкі сатып алған. Биыл сол ешкілер алпысқа жетіпті. 6 пайызбен алған несиесін 5 жыл ішінде қайтарады. Қазір Кенжебек өзге әріптестерімен бірге асыл тұқымды ешкіге субсидия төленсе деген мәселені көтеріп жүр. «Ешкі сүтінің өзі – ем. Ал мен оған неше түрлі пайдалы қоспа майлар қосамын. Бұл сабынды қолыңа жағып, 4-5 минуттан соң ғана жуу қажет. Бет жарылғанда жақсаң, бірден әсер етеді. Еш химиялық қоспасы жоқ. Таза табиғи өнім, бағасы да соған лайық. Осылайша ешкі сүтінен сабын жасауға қол жеткізіп отырмыз. Мемлекеттен қолдау болса, ешкі өсірумен айналысқысы келетін жастарды тәрбиелер едім», – дейді К.Сейдахметов. 

Шаруа бүгінде голландиялық «Заннин», пәкістандық «Биттал» тұқымды етті және сүтті ешкілер өсуде. Тәулігіне 25 литр сүт беретін «Биттал» тұқымды бір ешкінің құны – 1,5 мың доллар немесе 600 мың теңге шамасында. Ал «Заннин» тәулігіне 5 литр сүт береді. Ешкі сүтінің бір литрі – 400 теңге. Испаниядан әкелінген асыл тұқымды ешкілерінің құны – 370 мың теңге. Алпыс ешкінің алты ай қыстан шығуына 500 түк жоңышқа, 3 тонна бидай жетеді екен. Сондай-ақ шаруа жылына 3-4 мәрте төлдейтін «Романский», ауғанстандық «Вагир» тұқымды қойларды да өсіруде. «Вагир» тұқымды екі айлық қозы 200 мың теңге тұрады. Бабы келіссе, бұл қойдың еті 145 килограмм болады екен.

Электронды сауда: Мәселе әлде мүмкіндік пе?
Нумерология: Дін не дейді? Сандар сиқырлы ма?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу