Жүзге бөлінгендердің жүзі қара

Oinet.kz 24-06-2020 1365

Төле би ауырып жатқанда Ералы, Әбілмәмбет хандар, Абылай сұлтан мен Көкі, Қазыбек, Ержан билер және басқа да белгілі батырлар оның көңілін сұрап тұрған.

Осындай күндердің бірінде Қаз дауысты Қазыбек би науқас Төле бидің бас жағында, қалғандары аяқ жағында отыр екен. Үйге сәлем беріп, жақсы киінген үш қария келіпті. Солар Төле биге:

- Үшеуміз үш Жүзден көңіліңізді сұрай келдік. Қазақ сорлының ендігі күні не болар екен? Ардақты еліңізге қандай өсиет-өнеге айтып қалдырасыз? депті әлгілердің біреуі. Сонда Төле би басын көтеріп, «Үш Жүзден келдік» дегенін жақтырмай:

«Жүзге бөлінгендердің жүзі қара,

Руға бөлінгендердің, құруға асыққаны.

Атаға бөлінгендер адыра қалады.

Көпті қорлаған көмусіз қалады.

Хан азса – халқын сатады,

Халық азса хандыққа таласады» деген екен.

Ақыл
Қарияның жауабы (шешендік сөз)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу