Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Күзетшілер оянды ерте ақырып,
Шай алуға тұтқындарды шақырып.
Бейшаралар уқалай көзін жүгірді
Тастаған ғой тізесін әбден батырып.
***
Шуласып жүр айт құттықтап жиылып,
Құтылсақ деп іштерінен сиынып,
«Он екі айда бір келген шәриф айт күнін
Өткізбедік шадлықпен» деп күйініп.
***
Ac қадірін қайдан білсін қарны тоқ?
Бос адамда тұтқын үшін қайғы жоқ.
Қатын-бала, дос-жарымен мәз болып,
Ойнап-күліп, сұхбатласып құрған топ.
***
Хафа мен Офа екеуі де Алладан,
Мойын ұсынып міскіннің көбі зарлаған.
Шаттанайын десе дағы айт күні,
Беттерінде қан тамшысы қалмаған.
***
Асырайды шықпастай қылып шыбын жан,
Сөткесінде екі қадақ қара нан.
Көкшіл сорпа, ширек қадақ жасық ет
Сорлы тұтқын бәйге атындай жараған.