«Батька» сыр берді
23-05-2023
Қабырға сағатта тыным жоқ: тық-тық, тық-тық. Телефонда маза жоқ: шыр-шыр. Құбыр төсеу үшін ор қазып жатқан экскаватор гүр-гүр етеді. Жер жыртып жүрген темір тұлпардың дауысы алты қырдың астынан естіледі. Аэропорт туралы айтып та қажеті жоқ: жаныңда тұрған жақын жолдасыңның әңгімесін есіттірмейді.
Ми ғана үнсіз. Бар-жоғы байқалмайды. Бірақ бәрінен мықты жұмыс істеп жатқан сол!
(Қадыр Мырза Әли, «Ғибратнәмә» кітабынан)