Сары би

Oinet.kz 06-11-2019 895

image.png

Сары би ел аралап, әр алуан кісілермен сұхбаттас болып, ел арасындағы жағдайлармен танысып, насихат сөздер айтып, кеңес беріп, ел жұртпен тығыз байланыста жүреді екен.

Ел аралап жүріп, бір үйге түсіп, ауыл кісілерімен әңгіме - дүкен құрып отырады. Сол түскен үйдің шолжаңдау үш -төрт жасар баласы еркелеп, болмашыға жылап, мазасын ала береді. Үйдің иесіне Сары би:

- ,,Баланы жастан. Қатынды бастан,, деген бұрынғылардың сөзі бар. Баланы бұлай еркіне жіберіп еркелетуге болмайды. Сендердің еркелеткендеріңнен ештеңе шықпайды. Оны Құдай еркелетсе ерке болады,, - дейді әбден дегбірі кеткендіктен.

- Сендерге мұның мәнісін айтайын. ,,Құдай ерке қылса ерке болады,, деген сөз, ертең бала өсіп, жігіт ағасы болғанда жолдас- жоралары, ағайын- туыстары еркелетсе, әсіресе қартайып аузыңнан тісің, беліңнен күшің кеткенде, балаларың, немерелерің , туыстарың еркелетіп, бағып- қақса, бұл Құдайдың еркелеткені болады- дегенде, қасындағы отырған кісілер:

✅- Биеке, рас айтасыз, пендешілікпен көп нәрсенің парқына бара бермейміз. Бұл айтқаныңыз бізге де, келешек ұрпаққа да өнеге болмақ- деп бәрі қоштау білдіріпті. Сары би сонда тағы сөзін жалғап:

- Ата - ана лажы болса, балаға қаталдау болып, бағыт- бағдар беріп тіршілікке ертерек баулығаны жөн. Өмірдің қиындығын татып өспеген бала өскенде қиыншылыққа көбірек ұшырайды - деген екен.

Төле бидің насихаты
Қаһары қатты Қабанбай
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу