Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
Әлемде
-Жаңа жылдан бастап Ресейде милиция өзінің қызметін тоқтатады. Көрші елдің тәртіп сақшылары енді барлық өркениетті елдердегідей полиция деп аталатын болады.
-Ирландия Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етеді.
-Украинада зейнеткерлікке шығу мерзімі әйелдерге 55-тен 60-жасқа, ерлерге 60-тан 62 жасқа жоғарылайды.
-Келер жылы әлемнің бірқатар елдерінде президент сайлауы өтеді. Оның ішінде 12 ақпанда Түркіменстан өзінің мемлекет басшысын сайлайды. Осыменен төртінші рет өтіп жатқан президент сайлауына дайындықты Түркіменстан өткен қазан айынан бастап кетті. Сайлаудағы басты үміткер елдің қазіргі президенті Гурбангулы Бердымухамедов бұл додаға қатысуға шетелге бас сауғалауға мәжбүр болған оппозиция серкелерін де шақырып, сайлаудың әділ өтетініне сендіріп отыр.
-4 наурызда Ресей халқы жаңа президентін сайлайды. Бұл жолғы Ресей президенті алғаш рет алты жылға сайланады.
-22 сәуірде Францияда жаңа президент сайланады. Қажет болған жағдайда сайлаудың екінші туры 6 мамырда өтеді.
- 8 маусым мен 1 шілде аралығында Польша мен Украинада футболдан Еуропа чемпионаты өтеді. Әр төрт жыл сайын өтетін дүбірлі аяқдоп мерекесі 14-інші рет ұйымдастырылып отыр. Еуропа чемпионаты өз тарихында осыменен үшінші мәрте қос мемлекетте өткізілмек. Алғаш рет ол 2000 жылы Бельгия мен Нидерландыда, 2008 жылы Австрия мен Швейцарияда өткен болатын. 14-інші чемпионатта соңғы рет 16 команда бақ сынасады. «Еуро-2016»-дан бастап чемпионатқа қатысатын командалардың саны 24-ке көбейтіледі.
-27 шілдеде Лондонда жазғы олимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтеді. Төрт жылда бір рет өтетін олимпиаданы Лондон өз тарихында осыменен үшінші рет қабылдап отыр. Бұған дейін Лондонда ол 1908 жылы және 1948 жылы өткен еді. 2004 жылы 18 мамырда халықаралық олимпиада комитеті Лондонды 2012 жылы олипиада ойындарының астанасы ретінде бес қаланың ішінен таңдап алған болатын. Жазғы олимпиада ойындарының жабылу салтанаты 12 тамызға белгіленген.
-6 қарашада АҚШ-та кезекті президент сайлауы өтеді. АҚШ тарихындағы 57-ші президент сайлауы сейсенбіге белгіленіп отыр. Жаңа президент қызметіне 2013 жылдың 20 қаңтарынан бастап кіріседі. Елдің қазіргі президенті Барак Обама сайлауда Демократиялық партияның атынан екінші рет бақ сынамақ.
Қазақстанда
-1 қаңтардан бастап Ресей, Қазақстан, Белоруссия елдерінің аумағында Бірыңғай экономикалық кеңістік құрылады. Аталған мемлекеттердің өзара келісімі бойынша ол шілдеден бастап толығымен іске кіріседі.
-Келер жылдың жазында Қазақстан Бүкіләлемдік сауда ұйымына өтуі тиіс. Сарапшылардың айтуынша, ұйымға өткен соң елге шет елдің тауарлары арзан бағада ағыла бастайды. Бұл қарапайым тұтынушыға тиімді болғанымен, отандық кәсіпкерлерге бірқатар қиындықтар алып келеді. --Қазақстанда 2012 жылы барлық органдар тек электронды түрде қарым-қатынас жасайтын болады.
-Келесі жылы Қазақстан алғаш рет өзінің «Джпитерін» шығара бастайды. Жол таңдамайтын отандық көлік толығымен Қазақстанда құрастырылып, ішкі нарықтан бөлек Ресей, Беларуссия, Украина, Ирак, Пәкістан сияқты елдерге экспортталады. Қазақстандық «джиптің» құны 19 мың доллардың шамасында болады.
-2012 жылдан бастап Қазақстанда қыздыру қуаты 100 ваттан асатын шамдарды енгізуге және сатуға тыйым салынады. Олардың орнын әлдеқайда үнемді жарық көздері шағын люминесцентті және жарықдиодты шамдар алмастыруы тиіс.
-2012 жылдан бастап елімізде «Шектеу» автоматтандырылған жүйесі қолданысқа енеді. Ол бойынша мойнында борышы барлар, сонымен бірге алимент төлемей жүрген әкелер шет елге шыға алмайды және несие алу құқығынан айрылады.
-Ұлу жылында қазақстандықтардың саны он жеті миллионға жетпек.
-1 қаңтардан бастап «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында қазақстандықтар бұған дейін 50 пайыз жеңілдікпен сатып алып жүрген қымбат дәрі-дәрмектерді тегін алатын болады.
-1 қаңтарынан бастап елде ЖСН/БСН сәйкестендіру нөмірлері қолданылатын болады. Бұл сәйкестендіру нөмірлері бүгінге дейін қолданыста болған РНН, СИК және тағы басқа да нөмірлердің орнына енгізіледі
-2012 жылы Ішкі істер министрлігінің жол полициясы комитеті жүргізушілер арасында үлкен сұранысқа ие мемлекеттік нөмір белгілеріне арнайы тариф енгізбек. Яғни, келер жылдан бастап «777», «111» секілді «крутой» нөмірлерді сатып алуға болады. Кез-келген адам ішкі істер органдарының мәліметтер базасына кіріп, өзіне ұнаған нөмірдің қанша тұратынын біле алады. Ондағы белгіленген соманы бюджетке төлеген жүргізуші тиісті құжаттарын көрсетіп, нөмірді ала береді. Бұл жол полициясындағы жемқорлықтың алдын алу үшін жасалып отыр.
-12 қаңтарда аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 100 жыл толады.
-Қазақстанның Халық әртісі, халқымыздың күміс көмей әншілерінің бірі Жамал Омарованың туғанына 100 жыл.
-Қазақтың әйгілі әншісі, қазақ опера өнерінің негізін салушылардың бірі, қоғам қайраткері, КСРО халық артисі Күләш Жасынқызы Бәйсейітованың туғанына 100 жыл.
-Ресей жаратылыстану ғылыми академиясының академигі, география және тарих ғылымының докторы, ұлы дала халықтарының тарихын зерттеген маман, пассионар этногенез теориясының негізін салушы Лев Николаевич Гумилевтің туғанына 100 жыл.
-«Халық Қаһарманы», қазақтан шыққан тұңғыш ұшқыш қыз Хиуаз Доспанованың туғанына 90 жыл.
-Кеңес Одағының Батыры қазақтың қаһарман қызы Мәншүк Мәметованың туғанына 90 жыл.
-Жазушы Сырбай Мәуленовтың туғанына 90 жыл.
-Жазушы Сафуан Шаймерденовтың туғанына 90 жыл.
-Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртаза 80 жаста.
-«Халық қаһарманы», КСРО Халық әртісі Әзірбайжан Мәмбетовтың туғанына 80 жыл.
Мұрағаттан, 29.12.2011 ж