Бақыт деген - бірде шаттық, бірде мұң!

Oinet.kz 04-10-2020 1157

image.png

Адам баласы жылап туады. Дүниеден озған соң да жылап шығарып салады.

Қарап отырсаңыз, өмірдің басы да - жылау, соңы да – жылау екен.

Сонда бақыт қайда?

Бақыт - осы екеуінің ортасындағы өмір екен. Ата-анаңызға еркелеп өскеніңіз, сенбі, жексенбі жақындарыңызбен бас қосып, арқа-жарқа әңгіме айтқаныңыз, әріптестеріңізбен қыдырғаныңыз, анаңыздың бір ауыз жылы сөзі, әйеліңіздің сізді іздегені, балаңыздың кей қылығына кейіп, оған ұрысқаныңыз, досыңызды ренжітіп алып, кейін қайта табысқандарыңыз, бауырыңызды әскерден сағына күтіп алғаныңыз...

Жақсы көрген адамыңыздан алыстап кеткенде оның қадірін түсінгеніңіз, «қыс келе жатыр ғой» деп үйге ақша салып жібергеніңіз, таң намазы қаза болып кетпесін деп кешке ерте жатуға тырысқаныңыз, «от жағуым керек» деп үйге қарай асыққаныңыз, балаңызға сабақ оқытқаныңыз...

Осының бәрі бақыт деген аяулы ұғымға сыйып кетеді екен ғой.

Сократ: «Бақыт» деген – ешкімнің қолы жетпейтін алыстағы зат емес, бақыт – әркімнің басында бар нәрсе», - деген екен. Иә, көп адам бақты сырттан іздейді. Алайда, нағыз бақыт өз басымызда, бойымызда тұрғанын ескермей жатамыз. Мұқағали ақынша айтсақ, «Бақыт деген - бірде шаттық, бірде мұң!»

Әке өсиеті
Жанжалсыз жанұя (ғибратты әңгіме)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу