Тұманбек Әлиев елуінде екінші диплом алды

Oinet.kz 01-04-2019 1094

Screenshot_4.jpg

   «Нұр Отан» партиясының облысымыздағы филиалы төрағасының орынбасары Қалыйма Жантөреева  өткен жылы Қ. Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін үздік бітіріп, қызыл диплом алғанда оның қат-қабат, қарбалас шаруаның арасынан сабаққа қалмай қатысуға қалай уақыт тапқанына қатты таңданғандықтан ет қызумен  «Рейтинг» газеті арқылы оған   шын көңілден құтты болсын айтқанбыз. Енді міне, Жантөреева  ханымнан артық жанталаспаса кем қимылдамайтын шаруасы шаш-етектен  Қазығұрт ауданының әкімі Тұманбек Әлиев те  таяуда Академиялық инновациялық университетті тәмамдаған түлектердің қатарында табақтай дипломды иеленгенін естіп тұрып ердің жасы елуге толғанда жасаған ерлігін ескерусіз қалдырмауды, құттықтап қоюды жөн санадық.  Жұрттың көпшілігі Академиялық инновациялық университет жабыла ма, жабылмай ма деген сауалмен бастары қатып, құжатын басқа жаққа ауыстырғысы келген кейбір қызуқандылары оқу орнының терезесіне дейін қиратқанына айқай-шу ушығып тұрған тұста әжептеуір абырой-беделі бар аудан әкімі Тұманбек Әлиевтің дәл осы оқу орнындағы студенттік жылдары аяқталып үлгергені қандай жақсы болған десеңізші. Өзгелер улап-шулай берсін, ал әкім Әлиевке енді дипломын жуып емін-еркін тойлай беруіне әбден болады емес пе? Бұрын тек инженер-механик болса, екінші диплом алған соң бұдан былай экономистпін деп те мақтанса әбден жарасады. 

    Жалпы әрі әкім, әрі студент бола жүріп талай тірліктің көзін табуды мықтап меңгерген Тұмекеңнің жолы болғыш-ақ. Ауыл әкімдігінің тізгінін бірден аудан әкімдігіне ауыстырғандығының өзі не тұрады? Тағы да айтамыз, су жаңа дипломыңыз құтты болсын Тұмеке!     

Мұрағаттан, 13.10.2011 ж

Кентауда үйленгенде 500 мың теңге, жөргекпұлға 100 мың теңге сыйақы береді
Депутаттар қандай салат жейді?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу