Қадыр мен Бердібек
Қадыр Мырза-Әлі:
Бекең (Бердібек Соқпақбаев) "Өлгендер қайтып келмейді" романынан кейін біраз уақыт үнсіз қалды. Мен ол кездерде "Жұлдыз" журналына ауысып кеткенмін. Ол кісі де жұмысын тастап еркін шығармашылыққа көшкен.
— Беке, не жазып жүрсіз? — деп сұраймын.
— Не жазушы ем? Түк те жазып жүргем жоқ. Менен маскүнемдер жақсы! Олар ең болмағанда бастарын жазады! — дейді ол бір жағынан әзілдеп, бір жағынан мұңайып.
Әсет Ақмолданың facebook парақшасынан