Жазылмаған дала заңы

Oinet.kz 10-09-2020 933

Дала.jpg

БЕРУ КЕРЕК:

Үлкенге -сәлем, Қуантқанға - сүйінші, Қуанышқа - шашу, Соғымнан - сыбаға, Егіннен - кеусен, Малдан -көгендік, Балаға - базарлық, Киімге - байғазы, Сәбиге - көрімдік, Төркіндеген қызға - қалауын, Жаңа көршіге - ерулік, Досқа - естелік, Жетімге - қолқайыр, Мүсәпірге -садақа, Байлықтан - шүлен үлестіру, Тойға - сияпат, Жас үйленгендерді отқа шақыру, Жас босанған анаға- қалжа, Сағынғанға - сәлемдеме береміз.

СҰРАУ КЕРЕК:

Алладан - денсаулық. Пайғамбардан - шапағат,Қарттаң- бата,Аңшыдан - сыралғы, Сырқат жанның - көңілін, Қарттың - қал - жағдайын, Жетімнің - жай - күйін, Саудың - амандығын, Ағайынның - бүтіндігін, Олжадан - тәбәрік, Қонақтан - бұйымтай.

ТІЛЕУ КЕРЕК:

Барға - тәубе, Жоққа - сабыр, Ауырға -төзім, Жақсылыққа - алғыс, Болашаққа - сенім, Жетістікке - шүкір, Өткенге - салауат, Қалғанға - береке, Басқа - амандық, Денге - саулық.

«Е, Құдай, не жаздым?!». Шерхан Мұртаза
Бəрі өз қолыңда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу