Садақа жеті түрлі бәледен қорғайды
Тамыздың аяғы, әдемі бір кеш болатын. Аяқ астынан асқазаным бүріп шыдатпай жедел жəрдем шақырып,ауруханаға алып келді .Ол кезде 18-жаста едім.Жастықтың буымен ештеңеге мəн беріп қарамайтынбыз.Дəрігер ұзақ тексеріп, соқыр ішек деген шешімге келсе де, қанның қорытындысын күтті.Қанның қорытындысы да осы диагнозды нақтылағасын : «Ота жасау керек.Ота жасалмаса соқыр ішек жарылып кетсе, өміріңізге қауіпті »- деді. Ол кезде қазіргідей лапроскопия деген жоқ.Қəдімгідей кесіп жасайтын.Тағы операция болатын адамның "операцияға қарсылығым жоқ" деген қолхатын ауру тарихына қоса тігетін.
Қыркүйек ,оқудың басталуына бір ақ күн қалған.Сол жылы оқуға түсіп, алғашқы сабаққа баруым керектін.Жаңа орта, бейтаныс достар.Оқудан қалғым келмей, менің соқыр ішегім емес асқазаным ғой ауырып тұрған деп, қолхат жазып шығып кеттім.
Түн. Асқазаным бүріп шыдатпай, жедел жəрдем шақырдық. Түнгі 12-ден соң жедел жəрдеммен тағы бардым ауруханаға. «Мана жасатқанда бұл кезде болатын еді »- деп жақтырмай күңкілдеген медсестра қызға жауап беруге мұрша жоқ, операция столына жаттым.
Есімді жисам "адастық, адастық қой" деген дəрігерлердің даусы құлағыма жетті.Жасап жатқан дəрігерлер бір сағаттан астам уақытта соқыр ішегімді таба алмай, неше жылдық тəжрибесі бар, скалпель ұстаған қолы қалт етпеген, талай жанның жанына арашашы болған, хирургия бөлімінің меңгерушісін амалсыздан шақырыпты.
Буалдыр сағым. Аппақ бұлттардың арасында жеп -жеңіл қалықтап, таңғажайып сезім сезінудемін. Өлім деген сондай болатын болса, тіпті де қорқынышты емес.Осы күндері сол сәтке оралғым кеп тұрады...
Соқыр ішегімді тауып тартып қалғанда азарына шыдамай аяғымды бүгуге талпынғанымды білемін, содан соң садақаға айтылған мал...түс көріп жатқан сияқтымын.
Екі сағаттан астам уақытқа созылған ота əйтеуір сəтті аяқталыпты.Мейірбике қыздар жүгірісіп, кіріп келе жатқан бас хирургті көрген əкем, Аллаға жалбарынып бір мал садақа атапты.
Өзіме келгенде ұққаным" садақа жеті түрлі бəледен қорғайды"- деген сөздің шындығы.
Ол замандарда қазір ең жеңіл ота саналатын соқыр ішектен, талайлар білмей жүріп қалып қайтыс болып жататын.
Сенің соқыр ішегіңді таппай жатыр дегенде иманымыз бір қысым болды.Операция ұзаққа созылып, Құдайға жанына жан садақа атады əкеміз десті.Түс сияқты сағымда көрген малым сол болса керек.Адам түсінбес тылсым байланыс пен шексіз құдіретті күштің бары рас...