Аспан Айтқожа Тұрабайдың асы туралы

Oinet.kz 07-09-2020 1543


Бұл ас 1910 жылы жазда болады. Ол кезде жері тегіс, ағын су, киіз үй тігуге қолайлы деп Құлқұдықты таңдайды. Асқа 250 үй тігіледі. Бұл қазіргі Науайы облысы Үшқұдық ауданына қарасты Құлқұдық елді  мекені.

Астың бірінші күні Көкпарының ошақ салымы. Үшке дейін;  үш түйе , үш ат, бес қой. Ұлысының салымы; Үшке дейін сегіз

түйе, сегіз ат, он қой болды.

Тастамайға бір күміс теңгеден болған.

Ошақ бәйгеге қырық төрт ат қосылады.

Бірінші атқа  бес түйе, бес ат, он қой.

Екінші атқа үш түйе, үш ат, бес қой.

Үшінші атқа екі түйе, екі ат, екі қой.

Онға дейін: бір түйе, бір ат, екі қой.

Онбес атқа дейін бір түйе, бір ат, екі қой берілген.

Ұлы бәйгеге 90 ат қосылады, аттарды 50 шақырымға жібереді. Айдаушы он бес адам

болған.

Бірінші атқа: алтын дәрменбелбау, жирма түйе, он бес ат, жүз қой, ақ кйізбен жабылған тоғыз қанат отау, кілем, түскйіз  қазан ошақ, кесе шәйнек берілген.

Екінші атқа: жирма түйе, он ат, жирма қой,

Үшінші атқа: сегіз түйе, сегіз ат, онбес қой,

Төртінші атқа: алты түйе, алты ат, он қой,

Бесінші атқа: төрт түйе, төрт ат, сегіз қой,

Алтыншы атқа: үш түйе, үш ат, алты қой,

Жетінші атқа: екі түйе, екі ат, бес қой,

Сегізінші атқа: екі түйе, екі ат, төрт қой,

Тоғызыншы атқа: екі түйе бір ат,

Оныншы атқа: екі түйе, бес қой.

Жыраулар үшін: онбір жырау болған, бір ат

он қойдан берілген.

Балуандарға: бас балуанға үш түйе, үш ат,

бес қой берілген.

Асқа 250  киіз үй тігіледі. Айтқожалар  жүз үй тігеді. Кедей Әлімбай елу үй. Сарыбай Құлым болыс жирма үй. Меңлік Айшуақ отыз үй. Бұғанай Ботабай жирма бес үй.

Жәнтін Мәнібек жирма бес үй тігеді. Астың

Құлқұдықта өтуін ұсынған Кедей Жансары баласы Әлімбай болған. Жері тегіс, ағын су, қонақтарға жайлы, үй тігуге қолайлы деп ұсыныс еткен.

Қожалардың батасын алуға: бір ат ер тұрманымен, бір түйе он қой берілген.

Балуан күресіне: Жетіру Тама Жалғау балуан мен Қарасақал Тәлімбай Аспан аталығының әруағына сүйеніп күрескен.

Тәлімбай Жалғауды жығып үш түйе, үш ат, онбес қой алады.Сонда Боқанбай Аспанның

атын шығарғаны үшін, мініп жүрген торжорғаны және бір түйе сауынға деп бергенде Аспанның шалдары жылап жіберген екен.

Бәйгеден бірінші ат Ерғара қожаның аты, екінші ат Аю  Елеудің аты. үшінші ат Аю  Байқадамның аты келеді. Қарақшыға жете алмай отыз ат жолда өлген. Өлген ат йелерінің әрқайсына бір түйе, бір ат мінгізген. Ұлы көкпарының бас салымына Әлімбет Байбосын мен Айтқожа Тілепбайдың Нарманы ұстасып шығады.

Байбосын Нарманнан тартып алады. Сол

кезде Нарманның інісі Пірман Байбосынды қуып жетіп, тартып алып бас салымды Пірман салып, сегіз түйе, сегіз ат, он қой

алады. Асқа Бұхара, Хорезм, Қарақалпақ,

Самарқанд, Жыззақ, Сыр бойы, Ақтөбе Ырғыз елдерін шақырады. Жыраулардан

Базар жырау жырлап бір түйе, екі ат, жирма қой алады. Астың өгіз өлдісін Әлімбет Балқы Әжмахан салып, бір өгіз алады.

Ас үйге үш күн, үш түн бес жігіттен бекітіледі. Асты өткеруге жирма тоғашы болған, қонақ күту үшін әрбір үйге екі қыз бала, екі келін бала қызмет етеді.

Бас тоғашылар: Тілеп, Әлімбай, Тоғанас, Жылқыбай болған.

Айтқожа Тұрабайдың асындағы Базар жыраудың  Төрткүлдің болысы Құлым болысқа айтқаны.

Асқа келген Базар жырау Айтқожа Боқанбайдың үйінде жырлап отырғанда

Төрткүлдің болысы Құлым болыс кіріп келіп Базар жырауға сәлем береді. Құлым болыстың  сәлемін  алған Базар жырау Құлым болысқа былай деген екен.

Берейін десе құдайым,

Қас пен көздің арасы.

Ойда жоқ та айрылар ,

Жақсы мен жаман арасы.

Тұрабайға ас берді,

Үш Есімбеттің баласы.

Көрінбей кетті тозаңнан,

Құлқұдықтың даласы.

Таңырқатқан тамсантқан,

Дәрежесіне қарашы.

Үлгі аларлық іс болды,

Бәндәнің болса санасы.

Бүтін туған нар едің,

Тоқымбеттің "Сарбайы"

Алты Аспанның данасы.

Халқына болған қамқоршы,

Жел жағының панасы.

Ық жағының қаласы.

Сый құрметке бөленген,

Ағайынның арасы.

Айналайын Құлымжан,

Сәләмат сау жүрсінбе?

Төрткүлдің болыс ағасы.

Ойдағы менен Қырдағым,

Қуан менен Сырдағым,

Қуанып бүгін отырмын,

Есен сау басты қосыпты,

Алты Аспанның баласы.

деп Базар жырау өлеңді аяқтағанда

Құлым болыс қалтасынан жүз сом

суырып алып алдына тастайды. Ол

кезде жүз сом, төрт нардың құны екен.

Міне осындай Қазақтың дархан даласында

Совет үкіметі орнағанға дейін, Байлығы мен

Мырзалығы шалқыған Шөмен Ата ұрпақтары дүниеден дүрілдеп өткен.

Сойыстық малдан басқа

Барлығы: 194 түйе, 192 ат, 545 қой бәйгеге берілген!

Әруақтары риза болсын деп беріп отырмыз,

Әумин!!!

Тұрғали Жұбандықұлының  "ДӨЙІТ" Аспандар  шежіресі  кітабынан.

Сүндет Сейітов. Амалдау (өлең)
Ноқта ағасы деген не?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу