Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Аспан тайпасының атақты байы, Кедей Сәден батырдың немересі,Оңғар баласы Кәрібай атамыздың Асы туралы кейінгі жастарға қысқаша мәлімет.
Бұл ас 1890 жылы Сыр бойында 4-июль айында болады.
Бұл асқа Орынбордан Ақпатшаның өкілі Аничков деген орыс шақырылып қатынасады.
Қазақ халқындағы Семья мен Неке деген кітапты жазушы Арғынбаев деген жазушы жазып шығарып сол,кітапқа, Аспан елінің атақты байы Кәрібайдың асы туралы.Асқа қатынасқан Орыс Аничковтың мақаласынан алынған оқылған сөздер жазылып отыр.
Кәрібайдың асына 250 үй тігіледі.250 үйге 250 қой сойылады және оған қосымша 40 жылқы сойылады.Әрбір үйге бір сабадан тайдың терісінен істелген қымыз ашытатын қазақ саба деген 250 үйге 250 саба қымыз болған.
Бәйгеге 163 ат қосылады. Бас бәйге 25 түйе, 25 жылқы, бір Алтын дегмен (белбеу) ,(тігінсіз шапан). Бас бәйгені Аспанның Кедейі Қайралап аты бурыл ат алады.Қайралаптың қартайған кезінде болса керек, Бәйгеден ошаққа басқа ақсақалдарды ырымдаған бәрін айдап кеткен дейді.Бұл шай берсе, насыбай бермейтін Насыбай берсе, шай бермейтін Қайралап атамның сараңдығы екен.
Аста Баха тоғашы болған екен. Асты беретін Кәрібайдың кенже баласы Берден. Атамыз Қайралап ошаққа басқа ақсақалдардың батасын алуға дым қалдырмай алып кеткеніне ашуланып Берден Бахаға келеді.Бапа- мені бір тайлы қыл дейді.Бапаң бас, бәйгі қамалған қораға қараса, Қайралап шал бәрін айдап кеткен екен.
Сонда Бапаң айтқан екен,Алда қыршындағыр шал бәрін дым қоймаған екен ғой.Неде болса ас тарқасын сосын сені бір,тайлы қыламын депті. Сөйтіп асты тарқатқан екен. Молдиман деген атамыз баласына қалың беріп, құдасына 2-үйір жылқы айдап баратыр екен. Бапаң Молдиманға барып, Әй Молдиман ана қара байталдың артындағы тайды маған ұстап бер, деп ұстатып алып Берденге әкеліп береді. Берден сен маған тай әкеп бер дедің ғой мә, тай деп Берденге береді.
Берден тайға ноқта істеп жалпуыш жауып суарып бағып аунатып тайдың арқасын сипап тұрып Қайралап Өлгей Қаратай алдында келген дейді екен. Сонымен Қара тай 7-жасқа шыққанда Қайралап қайтыс болады. Қайралаптың Асында Қара тайды Айбас атама жараттырып я бәйгеге қосып Қаратай алдында келген дейді..
Марқұм Сәндібек Ерманов ақсақалдың айтқан әңгімелерінен.
Хатқа түсірген Ramadan Turgaliuly