Үмбетей жыраудың Абылай ханға Бөгенбай батырдың қайтыс болғанын жырлап айтқаны

Oinet.kz 07-09-2020 1333

Үмбетей жыраудың Абылайханға Бөгенбай батырдың қайтыс болғанын жырлап айтқаны:

Ей, Абылай, Абылай,

Абылай ханым, бұл калай?

Бұл қалайдан сескеніп,

Сөзімді қойма тыңдамай,

Талай істер басыңнан

Өтіп еді - ау жасыңнан

Қиын, кызык әрбір жай,

Ей, Абылай, Абылай,

Сөзімді тыңда тағыда-ай!

Өзіңнен біраз жасы үлкен

Дөмпеш таудай басы үлкен

Жасыңда болған сырласың,

Үлкенде болса кұрдасың

Сексеннен аса бергенде

Қайрылмас қаза келгенде

Батырың өлді - Бөгенбай!

Бөгенбай-сынды батырың

Береке берсін артына-ай,

Сабыр берсін халқына-ай,

Жасаған ие жар болып,

Пейіште нұры шалқығай!

Сәден батырдың немересі Кәрібайдың асы туралы не білеміз?
Айсұлудың әуресі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу