Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Қатын алсаң таспа белді торыны ал.
Ол болмаса ақ құбаның зорын ал,
Бұл екеуі болмаса,қажымайтын қараны ал.
Бұл үшеуі болмаса жүзі сары,көзі көк,былшылдаған сөзі көп соған жолығарсың .
Алғаның жақсы болса көңіліңді жықпас.
Ыңғайын біліп сөзіннен шықпас,
Ақымағына жолықсаң,өз басына мін тақпас.
Жұмсақ сөйлесең,мылтық алып атсаңда бұқпас.
Туысы жаман туғаның жамандайды.
Атасы жаман алғаның жамандайды.
Бұхар жырау:
Көріп алған көріктіден
Көрмей алған текті артық
Шәкәрім Құдайбердіұлы:
Ақиқатты дәл көруге
Жан көретін көз керек
Бас көзімен саңдалуға
Бізге рұқсат жоқ шырақ
Асан Қайғы:
Нәпсі алдаушы дұшпаның
Ер қадірің ер білер
Зер қадірің зергер білер
Жүсіп Баласұғыни:
Ей ер жігіт бай әйелден үміткер
Құлы болып қалма оның сүйікті ер
Бай әйел пейілімен ақ қорлайды
Бай емес мүлкім деп қарайды
Қайыңдағы күйеуден
Қарғы баулы тазы артық
Қайыңға сүйенгеннің
Төбесі тесік
Мұхтар Шаханов:
Қайырлы атқан талай ердің кемесін
Саязы көлге шашылмаған шұғылан
Тереңдігі жоқ әйелдің
Қорқу керек сыртқы сұлулығынан
Қай кезде де сұлулықтың жолы мұз
Әйел біздің тағдырымыз
Тағдырымыз болған соң белгілі ғой
Бағымыз не сорымыз
Қас сұлулық әлсіздердің қызғанышың маздатқан
Ал қызғаныш құрыды деп кім айта алады асқақтан
Бір әйелге бола ел мен ел жауласып
Жер жастанған боздақтар
Оған куә ана төбе томпиған
Анау шыңдар құлақтары қалқиған
Сан ұрпаққа тұлға болған ақындар
Бір әйелдің намысы үшін жан қиған
Абай Құнанбай:
Біреуді көркі бар деп жақсы көрме
Лапылдақ көрсе қызар нәпсіге ерме
Әйел сұлу болмайды көркіменен
Мінезіне көзің жетпей көңіл бөлме
Қадір Мырза Әли:
Сұлу қызды көргенде
Ақылды қызды аяймын
Сөз тұрғанда дəру деген дəру ма?
Сөз тұрғанда қару деген қару ма?
Сыйықсыздау болғанымен сондықтан
Сұлусың деп айттым талай аруға
Шындық болып жанса жұлдыз төбемде
Өтіріктің шылымы мен шегем бе?
Әйелдерге әдемісін демесен
Селт етпейді ақылдысын дегенге
Сұлу сұлу емес сүйген сұлу
Кемтігімді толтыратын
Өшкенімді жандыратын
Тұқымымды асылдандыратын
Не жақсы келін таңдап әкелемің
Не менің осы кеткенім кеткен
Деп серт беріп атқа қонады екен
Үйдің жақсысы ағашынан
Жігітің жақсысы нағашысынан
Құдай қарғаймын деген адамның ақылың алады
Қыз тандағанда кәрі адамды апар
Ат тандағанда жас адамды апар
Бөлтірік шешен:
Кәрілік келгенде басында ақылы толмаған жасты алма
Жастық келгенде бетінде әр қалмаған кәріні алма
Шәкәрім Құдайбердіұлы:
Нәпсің өлмей деме жар
Тірілікте қосылысқан
Жар емес ол ойнас ол
Қасым Аманжол:
Махаббат бар адамда ақыл ой бар
Серігі ақыл жан сырың терең бойлар
Ақымақтарға жүрегіннен орын берсен
Жүрегінді алады доп қып ойнар
Кейбіреуге махаббат гүл сияқты
Ол да тақты бұл да тақты
Гүлі солды болды ұятты
Жоқ махаббат гүл емес
Көңілі бар оның да до ре ми со ля си
Сырым Датұлы:
Жол мұраты жету
Дау мұраты бітім
Сауда мұраты ұту
Қыз мұраты кету
Майқы би:
Ұрыс көрген ұл мен қыздың
Міңезінің мәні болмас
Ақтамберді жырау:
Жақсы болса алғаның
Күнде сонар қызбен тең
Жаман болса алғаның
Астыннан өткен сызбен тең
Малым жанымның садағасы
Жаным арымның садағасы
Абай Құнанбай:
Ер танымай ерге барған
Ер қызығын кім көрер
Шығарына жол таба алмай
Қайғыменен босқа өлер
Айнығыш ер тартса салқын
Бал орнына береді У
Қазымырлап сөздің артын
Қасиеттің беті шу
Шәкәрім Құдайбердіұлы:
Осы Қазақ ғашықтықты білеме?
Ғашықтық махаббатың ең үлкені
Шың ғашық бірін бірі алдамайды
Ғашықтық сұлулықты тандамайды
Қара тас ұйқың келсе мамық болар
Қайғысыз қайран жүрек зарламайды
Сала берме көзіңді әр жақсыға
Бәрі жақсы көрінер алғашқыда
Абай Құнанбай:
Жасаулы деп малды деп байдан алма
Кедей қызы арзан деп құмарланба
Ары бар ақылы бар ұяты бар
Ата ананың қызынаң ғәпіл қалма
Тектіден қыз алсан
Ошағың сөнбейді
Жиынның ішінде
Сөзінді бөлмейді
Тексізден қыз алсаң
Басына өрлейді
Санасыз,сабырсыз
Айтқанға көнбейді
Жүсіп Баласағұни:
Атақты əйелді алсаң, атағына тіленерсің.
Бай əйелді алсаң, ұстап-тұтқан затындай, меншігіне айналарсың.
Сұлуды алсаң, сұлуға сенен басқа көзін тіккен көп, күйеу емес, күзетші боларсың.
Ал, адал жарың — атағың да, байлығың, əрі сүйген сұлуың. Үшеуін де, қондырғаның қолыңа
Шал ақын:
Жақсы қатын алсаңыз,
Жақсылығын білдірер.
Ерін жөнге көндірер,
Анық осы бозбала,
Жұмақтан шыққан хормен тең.
Алғаның жаман жолықса,
Жамандығын білдірер.
Ер қадірін кетірер.
Оның өзі бозбала
Маңдайға біткен сормен тең, - деп, əйелдің ері алдындағы еңбегі зор екенін айтады.
Майқы би:
Қызың жаман болса - жеті атаға жетеді.
Әйелің жаман болса - достарың жоламай кетеді.
Келінің жаман болса - күңкілдеумен өтеді.
Балаң жаман болса - өмір сүргенің бекер.