Хиджабтың шығу тарихы. Хиджаб деген не?
Аурат — арабша термин, көпшілік түрінде Әурет деп аталады. Мағынасы, адамның басқалардан жасыратын құпия орыны .
Шариғатта Фиқһ- әурет деп киіммен жабық тұратын дененің бөлігі айтылады. Әйелдің әуреті екі түрге бөлінеді :
1) Намаз кезінде.
2) Намаздан тыс кезде және намаздан тыс кездер бірнеше түрге бөлінеді.
Намаз кезінде әйелдің жүзі, қолынан басқа жердің барлығы жабық болуы міндетті.
Ханафи мазхабы бойынша әурет жері, дененің кіндіктен тізеге дейінгі бөлігі болып табылады. Әйел адамның туысқандарына денесінің мына бөліктерін : бас, шаш, мойын, көкірек, иық, қолдары (толық) және тізеден төмен аяқтарын көрсетуге рұқсат етілген.Олардың алдында дененің кіндіктен тізеге дейінгі бөлігін көрсетуге тиым салынған.
Шариғаттың бұл шешімі Нұр сүресінің аятына негізделген : Иман келтірген әйелдер зейнетті жерлерін туыстарынан басқа адамдарға көрсетпесін. ( 24:31). Намаз кезінде әйел адамның шашы толық жабық болуы керек, ал намаздан тыс кезде әйелдің шашының көрінгені айып емес және дәстүріміздегі бас киім үлгілері бөрік, тақия, тб бас киімдермен реттелген.
Сондықтан, сәлафи ағымы өкілдерінің : намаздан тыс ,әйел адамның бір тал шашы көрінсе тозақы болады, — деген көзқарастары дұрыс емес.
Қазақ қыздарының бас киімі басқа халықтардыкіндей басты жылы ұстауымен қатар, қыздың отбасылық жағдайына. Күйеуге тиген әйелдер тайпалық топтарға байланысты бас киімнің әр түрлі нұсқасын киетін, бірақ еліміздің барлық жерінде қыздардың бас киімі бірдей болатын.
Қалыңдық сәукелені тойға киіп, сонан кейінгі жылдары маңызды мерекелерге киетін болған. Байлардың отбасында сәукеленің темір әшекей тастарын алтыннан жасайтын.
Хиджаб , Никап, Паранджа- қазақтың киімі емес, араб пен иранның ұлттық киімі Себебі, ол жақтың хиджап киюі, табиғи ерекшелігіндегі ауа райы қатты ыстық, құм суырылып желмен бетіне ұрудан қорғану үшін, жүзін жауып киген. Қазақ елінің табиғат ерекшелігіне сәйкес өзіне жарасымды дәстүрлі киім үлгілері бар.
Мақсат Назаров,
теолог — дінтанушы