Бұқар Қалқаманұлы. Аруды таңдап сүйсе де

Oinet.kz 06-09-2020 784

Аруды таңдап сүйсе де,

Алтынды үйге кірсе де,

Аспанда жұлдыз аралап,

Ай нұрын ұстап мінсе де,

Арманын қоймас адамзат!

Ілімді түгел білсе де,

Қызығын көзбен көрсе де,

Қапалы күні қабарып,

Қайғының түні төнсе де,

Үмітін жоймас адамзат!

Жақындап ажал тұрса да,

Жанына қылыш ұрса да,

Қалжырап, көңілі қарайып,

Қара бір көзін жұмса да,

Өмірге тоймас адамзат!

Жындарға дастархан жайғызған Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы
Матуриди ақидасы – қазақ халқының хақ сенімі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу