Қара бура әулие кесенесі
Түркі тектес халықтардың әулие тұлғасы, Орта Азияға Ислам дінін уағыздауға елеулі ықпал еткен сахарадағы әскери ақсүйектердің абызы Қарабураның тарихымызда алатын орыны ерекше. Ислам дінін уағыздауда Қожа Ахмет Яссауи мен Қарабура тізе қосып, қажыр-қайрат, мақсат-мүдделерін ортақтастырған. Қожа Ахмет Яссауи дүние салғанда, өзінің өсиеті бойынша оның мәйітін арулап табыс ету рәсімі Қарабураға жүктеліпті. Бұл Қарабура әулиенің өз заманындағы орны мен беделін айғақтайды.
Қарабура сағанасының ерекшелігі, оның сағанасына жапсара өскен қараталмен айрықшаланады. Бұл талдың қай заманнан бері өсіп тұрағанын ешкім білмейді. Аңыз деректеріне қарағанда Қарабура әулие түием шөккен жерде дүниеден өтіп жерленемін деген екен. Түйесі Созақ даласына келген уақытта шөгіп, осы жерге Қарабура қолындағы асасын қадап, дүниеден өткен деседі. Ол аса кейін көгеріп үлкен ағашқа айналады. Дауласқан екі жақ шындыққа жету үшін осы Қарабура ағашының шыбығын кесейік дейді екен. Өйткені Қарабура әулие ағашының шыбығын кескенде одан қан тамып, өтірік айтып, өміріне ант ішкен болса, ол адам кеміс немесе тіптен өліп те кетеді деседі.