Ақбөкен туралы эссе. Ақбөкен деген қандай жануар?

Oinet.kz 05-09-2020 4562

Screenshot_2.jpg

Бұл Ақбөкен деген Арқаның кең жазығын еркін жайлаған даланың ерке тағысығой жарықтық. Ешқандай баптап, бағуды қажетсінбей өзін-өзі асырап емін-еркін өсіп өне береді. Тек, адамзат тарапынан қаскөйлік көрмесе болғаны. Ақбөкендер егізден төлдейтіндіктен өсіміде жылдам. Қолда өсірген малға қарағанда тез көбейеді. Әрі артық шығынсыз. Керемет емеспе. Сасық шошқаға бөлінген қаражатты осы киіктерді қорғауға жұмсап, санын артырса елдің аузынан ақ май ағызуға жарайды бұл аңдар. Бастысы кәсіпкердің еңбегімен, елдің асы адал болар еді. Бір шошқа сатып алсаңыз мемілекеттен 140 мың теңге бөлінеді. Қосымша тағы 40 мың теңгесі бар. Әрі бұл қаражат қайтарымсыз екен. Не деген есепсіз ақша! Ел қазынасының қаржысы көппе, жоқ талпақ танау шошқаның торайы көппе? Енді есептей беріңіз.

Шошқаның еті арам, әрі шығыны шаш етектен. Одан гөрі Ақбөкендердің санын көбейтіп етке деген ішкі сұраныстың біразын қамтыса, экспортқа басқа ірі қараның етін шығаруғада болар еді.

Елде шошқа шаруашылығы дамып саны көбейер болса адал асымызға араласады. Шұжық болсын, қалбыр құтыдағы тағамдар болсын араластыра бастайды. Сыртына "халал" деп жаза салады. Өзі шошқа баққан адамда иман, ұят қайдан болсын. Біссімлә деп жеп отырамыз сосын, тоқтымен торайдың етін араластырып)

Ас болсын Қазақ! Асыңыз адал болсын!

Айдар Темірбекұлы


Тұмаудан сақтану. Сақтықта қорлық жоқ
Әке - асқар тау. Әке туралы эссе
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу