Тыртықтан қалай арылуға болады?
15-04-2021
Тұмауды ауыру демейтін қазақтың баласына тұтқиылдан келген бұл індет тым ауыр тиді. Айналдырған бір айдың ішінде небір асылдар өтіп кетті өмірден. Елге еңбегі сіңген есіл ерлерде кетіп жатыр қапияда. Жесір қалған әйел, жетім қалған бала, қара жамылған қазақ.. Топалаң келгенде туғанкүн тойлаған тоймсыз тобырда елдің ашу-ызасына тиіп бітті. "Алдын ала ескерттік сақтанбадың. Енді бірің өліп, бірің қал" дегеннің керін келтіріп билік отыр алаңсыз. Елде ауыру, дәрі тапшы. Ауыруханаларда орын жоқ. Орын тапқанымен елде білікті дәрігер саныда аз. Алладан басқа сүйенері жоқ қазақтың баласы көк бөрінің күйін кешіп өз жарасын өзі жалап үйінде жатыр. Енді не істемек керек ағайын?! Ел ерге, ер жерге қараған заман осындайақ болар. Қиын қыстау күн келгенде күндей жарқырап шығатын қазақтан бір ұл шықпағаны өкінішті ақ! Иә, бүгінгі күніміз өкінішіті әрі аянышты болып отыр. Басы кетіп жатсада "Басқасының барына шүкір" деп отыратын соншалықты сабырлы, соншалықты көнбіс ел екенімізде рас. Жағдай осылай шарасыз болғанда ауыруды қасқайып күтіп алудан басқа амал жоқ енді бізде. Күткендеде күнімізді құр өткізбей ағзамызды дайындап, мүмкіндігінше иммунитетті көтерудің барлық жолын жасау керек. Ауырып жазылған адамдар көп болғандықтан бірі біріне ақыл кеңесіде пайдалы. Ең бастысы адам іштей ширығып өзін алдағы жағдайға дайын ұстауы өте маңызды. Ағзаны алдын ала дайындап, күш қуатымызды жинап, өз-өзімізді сақтап дәрігерлерге көмек берейік. Бұл ауырудың жас әрі иммунитетті мықты ағзандан қашатындығы белгілі болды. Сондықтан жастардың өзін-өзі қорғауға үлкен мүмкіндігі бар. Онсызда аз дәрігерлер қарттарға қарасын. Соларды құтқарсын. Онсызда тапшы дәріні солар ішсін. Он ойланып, мың толғанғанда елімізге еркін тарлып кеткен бұл індетті жеңудің басқа жолы жоқ енді.
Қанша айтсақта басты шара САҚТЫҚ екенін естен шығармаған абзал! Тайдың төбеліндей қазақтың маңдайына талай, талай қиындық келген. Соның бәрін ел болып көтерген жұртпыз. Бұл күндерденде өтерміз. Кең пейілді халқымды Алла салмақты сабырынан айырмасын. Індет деген пәлені ел іргесінен аулақ қылсын. САҚТАН жұртым, Ауырма!
Айдар Темірбекұлы