Декреттік демалыстағы қызметкердің жұмысын қоса атқарғаным үшін сыйақы аламын ба?

Oinet.kz 02-01-2020 784

ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫҢЫЗДЫ БІЛЕСІЗ  БЕ?

СҰРАҚ:

Мен декреттік демалыстағы қызметкердің жұмысын қоса атқарудамын. Қоса атқарылған жұмысым үшін сыйақы ала аламын ба?

ЖАУАП:

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 111-бабына  сәйкес, лауазымды қоса атқару кезеңінде еңбекке ақы төлеу сол бір ұйымда, еңбек шартында көзделген өзінің негізгі жұмысымен қатар басқа немесе осындай лауазым бойынша қосымша жұмыс орындайтын жұмыскерге қосымша ақы төлеу жүргізіледі.

Лауазымды қоса атқару кезінде жұмыскерге қосымша сыйақы жүргізіледі, оның көлемі жұмыс беруші мен жұмыскердің келісімі бойынша белгіленеді.

Әлімхан Ермеков өмірбаяны
«Батыс Қытай - Батыс Еуропа» ғасырлық жобасы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу