Мирзиеев Жаңа Өзбекстанды құратын болды
04-07-2022
Қазақ-өзбек шекарасының бойында жатқан Арнасай ауылындағы қалыптасқан жағдай туралы өткен маусымда барлық бұқаралық ақпарат құралдары жарыса жазған болатын. Шардара ауданына қарасты ауылдың үш жағы Өзбекстанмен шектессе, тек бір жағы ғана Қазақстанмен, Шардара су қоймасымен байланысып жатыр. Арнасайлықтар Қазақстанмен тек Шардара-Жетісай тас жолымен қатынайды. Алайда тас жолдың біраз бөлігі Өзбекстан аумағы арқылы өтеді. Өткен маусымда Өзбекстан жағы бірнеше шекара бекеттерін қойып, арнайсайлықтардың сыртқы ортамен қатынасын толығымен үзген болатын. Халық азық-түлік, медициналық көмекке алуға да мүмкіндігі болмай, шарасыз күйге түскен. Тіпті автомат асынған өзбек шекарашыларынан қорыққан арнасайлықтар ауылдан ұзап шығуға да қорқып қалған. Сол кезде Шардара аудандық Арнасайдағы 71 отбасыны толығымен ішкері жаққа көшіріп алатынын, бұл туралы құжаттардың дайындалып жатқанын айтып, халықты сабырға шақырған.
Міне, қазір сол Арнасай ауылы тұрғындары көшуге қам жасап жатыр. Ауылдағылардың өтінішіне қарай оларға Шардара ауданы аумағынан тұрғын үй салуға жер телімдері берілмек. Қазір Арнасайдағы бұзылуы тиіс баспаналарының нарықтық бағасы белгіленіп, жылжымайтын мүліктердің құжаттары рәсімделу үстінде. Енді үкімет тарапынан берілетін өтемақы қолына тиесімен жұрт жаппай жаппай көшіп-қонуға кіріспек.
Жалпы, Арнасайға биліктің назары ауылды орталықпен жалғайтын күре жолдың шекарашылардың бақылауына өткеннен кейін ауды. Мұндағы жағдай қазір бірқалыпқа түскен. Барыс келіс кезінде қиындық тумас үшін елді мекендегі 496 адамнның, сондай-ақ жедел жәрдем, өрт сөндіру қызметі секілді мекеме мамандарының тізімі шекара қызметіне берілген. Дәрігерлер Арнасайға аптасына 2-3 рет арнайы келіп, медициналық жәрдем көрсетеді.
--Күнделікті учаскелік инспекторымен келіп жағдайын біліп кетіп жатырмын. Керекті жағдайларын айтады. Газ балон дейді. Онысын әкеп береміз. Суды тасымалдап әкеп жатырмыз,--дейді Шардара қаласы әкімшілігінің инспекторы Тұрлыбек Сарказиев.
Аралда қалған Арнасайдағы мектеп жасындағы балалар әуелден-ақ сабақ басталысымен орталықтағы интернатта жатып оқиды. Енді төрт түлігінің өрісі, нәпақасын айырып отырған егісі тарылып кеткендіктен жұрт ауылдан көшуге қам жасап жатыр.
--Ол жерден көшкен халықты далаға тастамаймыз. Жан жақты көмек ұйымдастырамыз. Жер телімі бойынша ешқандай қиындық жоқ. Келесі жылы барлық коммуникацияны тартып беруді қарастырып отырмыз,--дейді Шардара ауданының әкімім Марғұлан Марайым.
Көш қамын жасауға арнасайлықтардың өздері де зор ықылас танытып отыр. Олар тек «Өтемақы ертерек берілсе, қыс түспей баратын жерімізге көшіп барсақ» деп отыр.
Арнасайдағыларды өзге аумаққа көшіру ісіне мемлекеттен шамамаен 163 жарым млн теңге бөлінбек. Тұрғындарға өз қалауы бойынша аудан орталығынан немесе өзге ауылдардан жер телімдері тегін беріледі. Қонысын тастап, жаңа жерден үй тұрғызамын дегендерді төтенше жағдайлар қызметі уақытша баспаналармен қамтасыз етпек.