Есімовтың орына Дариға Назарбаева ауыспайтын болды

Oinet.kz 20-03-2014 877

Screenshot_1.jpg

Алматы қалалық әкімшілігі өздерін «Демократиялық Қазақстан» деп таныстыратын қозғалыстың шеру өткізуге берген өтінішін қанғаттандырмай, кері қайтарып жіберді. Себебі, өтініш тапсырушы митингке қанша адам келетінін және олардың қай уақытта тарайтынын анықтап жазбапты. Дегенмен, қозғалыстың төрағасы Мұрат Телібеков қалалық әкімшілікке қайтарма өтінішті  іле-шала жазып  жіберді.

Естеріңізге сала кетсек, осы қозғалыс 23 наурызда Алматыда шеру өткізбек болған. Егер қалалық әкімшілік олардың бұл бастамасына «бата» берсе, онда шерушілер Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовтың отставкаға кетуін талап етпек болған-ды. Сондай-ақ, наразы топ қалалық білім басқармасының бастығын да қызметтен кетіруге қол жинамақ еді.  Олардың айтуынша, осы шенеуніктер білім саласындағы жемқорлықты жоюға асықпай отыр. Сондай-ақ, белсенділер Ахметжан Есімовтің орнына Дариға Назарбаеваны әкім болса деген армандарын да айтпақ болатын. 

Ал, Ақтау қаласының мәслихат депутаттары наразы тұрғындарға ерекше «сыйлық» жасады. Көп ойланған қалаулылар шеруге шықысы келетіндер үшін арнайы жер белгілеп, оның тәртібін құжаттап тастады. Енді Ақтауда Маңғыстау облыстық филормонияның акт залында немесе  бесінші шағын аудандағы саябақта ғана шеруге шығып, түрлі-түрлі талаптар қоюға болады. Әрине, әкімшіліктің рұқсатымен ғана. Ал, бұрынғыдай облыстық әкімшіліктің алдына жиналып алып, талап қою енді заңсыз әрекет болмақ.

Қырымның қарымтасы
Пияз сусыны қатерлі ісік ауруын азайтады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу