Қайрат пен Сырымға не болды?

Oinet.kz 23-10-2009 1171

Screenshot_10.png

Әнші Қайрат Нұртас пен Сырым Исабаевтың бірге ән айтып жүргеніне  екі жылға жуықтады.  Оларды  ән әлемінде таныстырып,  табыстырған 2006 жылдың наурыз айында «Қазақстан-Шымкент» телеарнасында басталған  «Оңтүстік жұлдыздары» тележобасы. Содан бері шығармашылық байланыста жүрген қос әншіні көптеген сахналарда бірге көретін болдық. Тіпті,  бірнеше әнді бірігіп жаздыруға бел буған Қайрат пен Сырым Республика сарайының төрінде есеп беру кешін өткізіп те үлгерді. Бұдан бөлек қос әнші еліміздің бірнеше қалаларын гастрольдік сапармен аралап, арадағы достықты  әнге ұластырып  шырқады. Ресми түрде дуэт болып тіркелмесе де, әнсүйер әлеумет  Қайрат Нұртас пен Сырым Исабаевтың орындауындағы «Қос жүрек»,    «Бекер-ақ жолыққан екенбіз», «Соңғы кездесу», «Жас дәурен» секілді әндердің  бейнебаяндарын тамашалап, жастар жағы ерекше  ықыласпен тыңдады. Дегенмен, бұдан былай қос әнші сахнаға бірігіп емес, жеке-жеке шығу жайлы шешім қабылдапты. Жігіттер ендігіде  тыңдарманның жүрегін қосылып емес,  өз бетінше жаулауға  ұмтылмақ. 

Өздерін  жалпақ жұртқа «дуэтпіз» деп жарияламағанымен, достықтарын үнемі үлгі етіп көрсетуге тырысатын Қайрат пен Сырымның арасында келіспеушілік орын алды деген ақпардың  таралып кеткеніне біраз уақыт болды. Әншілер болса «шығармашылық байланыс үзілгенімен,  ақшаға бола  ала мысық арамыздан өткен емес» дейді. Былайша айтқанда, шығармашылықта бөлініп жүргенімен, өмірде дос болып қалды.

Ресми түрде рәсімделмеген дуэттің ыдырауының бір себебін Сырым Исабаевтың өзі айтып берді. Оның сөзіне сенсек, бірігіп түсірілген бейнебаяндарды республикалық телеарналар арқылы көрсетуге Қайраттың әрі анасы, әрі продюсері  Гүлзира-ханым аса құлықты емес. «Осы  сияқты келіспеушіліктердің салдарынан жеке-дара жұмыс істеуді жөн көрдік»,  дейді Сырым  Исабаев.

Көкпар жайлы не білеміз?
Мелан мемлекеттік тілді менсінбай ме?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу