Шымкентте Алдар көсеге ескерткіш қоймақ

Oinet.kz 06-01-2012 939

Screenshot_7.png

Өзінің қулығымен, ақылдылығымен сараң байларды, тіпті шайтанды да алдап,  кедей кепшіктің кеткен есесін қайтарып жүретін ертегінің, әзіл әңгімелердің кейіпкері Алдар көсеге деген қызығушылық кейінгі кездері күрт артып келеді. Алдар көсе туралы мультфильм, сериал, фильм түсірілді. Енді жуық арада талайларды сан соқтырған сақалсыз Алдарға ескерткіш қойылмақ. Өзіміздің Шымқалада.

Шымкент қалалық әкімдігінің мәлімдеуінше ескерткіштің қандай болатыны және оған қанша шығынның кететіні әзірге белгісіз. Белгілісі, оны орнатылатын орны анықталып қойылыпты. Ескерткіш бұрынғы «Шымкент» кинотеатрының қасынан бой көтермек.

Ескерткіштің бұл жерден орын тебуі тегін емес. Өйткені «Шымкент» кинотеатры былтыр мемлекеттік әзіл-сықақ театрына берілген болатын. Болашақта бұл жерде «ән салғыш» субұрқақтар да салынатын көрінеді.


"Рейтинг" газеті №1, 6 қаңтар 2012 жыл

Шымкент қаласының өзінде үш ауысыммен оқитын 13 мектеп бар
Бекмамбетов ең үздік
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу